АМИКС™ вет Д 500 мг/г ВРП

Қаптама:
1 кг
Фармацевтикалық форма:
Суда еритін ұнтақ
Белсенді зат:
1 г құрамында әрекет ететін заттектер ретінде: доксициклин - 500 мг (доксициклин гиклаты ретінде), қосалқы заттектер ретінде: 1г. дейінгі сусыз лимон қышқылы
Бөлшектер:
Препарат құрамына кіретін доксициклип гиклаты Actinobacillus pleuropneumoniae. Clostridium perfringens, Clamydia spp., Rickctsiae spp., Escherichia coli, Staphylococcus spp., Haemophilus spp.. Pasteurella spp.. Streptococcus spp., Ornithbacterium rhi-notracheale, Mycoplasma spp. қоса грамоң және грамтеріс микроағзаларға қатысты бактерицидтік әрекеттің кең спектрін құрайды
Пайдалануға көрсетілім:
8. АМИКС™ вет Д 500 мг/г ВРП тыныс алу органдарының, несеп-жыныстық жейенің, асқазан ішек және тыныс алу жолдарының асқынған және созылмалы аурулары және қоздырғыштары доксициклинге сезімтал келетін бастапқы және қайталама бактериялық этиологиялы инфекциялары кезінде емдеу және емдеу-профилактикалық мақсатта бұзауларға, шошқаларға және ауылшаруашылық құстарға қолданылады
Санаты:
Ветеринариялық өнімдер
Жануар:
Шошқа, Кұс

АМИКС™ вет Д 500 мг/г ВРП (AMIX™ vet D 500 mg/g WSP)

 

Дәрілік түрі: ауыз арқылы қолдануға арналған ұнтақ.

АМИКС™ вет Д 500 мг/г ВРП 1 г құрамында әрекет ететін заттектер ретінде: доксициклин – 500 мг (доксициклин гиклаты ретінде), қосалқы заттектер ретінде: 1г. дейінгі сусыз лимон қышқылы.

Сыртқы түрі бойынша  АМИКС™ вет Д 500 мг/г ВРП сарғыш түсті ұнтақтан тұрады.

 

Фармакологиялық қасиеттері

АМИКС™ вет Д 500 мг/г ВРП – жартылай синтетикалық тетрациклиндер тобының әркеті ұзартылған антибактериалды дәрілік препарат.

Препарат құрамына кіретін доксициклип гиклаты Actinobacillus pleuropneumoniae. Clostridium perfringens, Clamydia spp., Rickctsiae spp., Escherichia coli, Staphylococcus spp., Haemophilus spp.. Pasteurella spp.. Streptococcus spp., Ornithbacterium rhi-notracheale, Mycoplasma spp. қоса грамоң және грамтеріс микроағзаларға қатысты бактерицидтік әрекеттің кең спектрін құрайды.

Антибоитик әрекетінің механизмі рибосомалық деңгейде микробтық жасуша ақуызы синтезінің жасушалар қабырғаларындағы қалыптасулардың бөлінуіне кедергі келтіруіне әкеліп соғатынын көрсетеді.

Доксициклип гиклаты қанға араласу арқылы асқазан-ішек жолында жақсы әрі тез сіңеді, ағзаға тез таралады. Қанның сарысуында максималды шоғырлануы енгізілгеннен кейінгі 2-4 сағаттан кейін болады және АМИКС™ вет Д 500 мг/г ВРП қабылдағаннан кейінгі кемінде 18-20 сағат бойына терапериялық деңгейде тұрады.  Ағзадан негізінен белсенді емес алмасу өнімдерімен, көп жағдайда нәжіспен шығарылады.

АМИКС™ вет Д 500 мг/г ВРП ағзаға әсер ету дәрежесі бойынша қауіптілігі орташа заттектерге жатады (МЕМСТ 12.1.007-76 бойынша 3 қауіптілік класы).

 

Қолдану тәртібі

АМИКС™ вет Д 500 мг/г ВРП тыныс алу органдарының, несеп-жыныстық жейенің, асқазан ішек және тыныс алу жолдарының асқынған және созылмалы аурулары және қоздырғыштары доксициклинге сезімтал келетін бастапқы және қайталама бактериялық этиологиялы инфекциялары кезінде емдеу және емдеу-профилактикалық мақсатта бұзауларға, шошқаларға және ауылшаруашылық құстарға қолданылады.

АМИКС вет Д 500 мг/г ВРП үлкен күйіс қайтаратын асқорыту жүйесі тыртықтанған жануарларға, мекиен тауықтарға, сонымен қатар бүйрек және бауырының жеткіліксіздері бар жануарларға қолдануға тыйым салынады.

 

Жануарларға ұсынылатын тәуліктік мөлшер дене салмағының кг бойынша 10-20 мг доксициклин құрайды.

АМИКС™ вет Д 500 мг/г ВРП жануарларға ауыз арқылы жеке немесе топтық тәсілмен келесі мөлшерде беріледі:

  • жануар салмағының 1 кг бойынша сумен немесе сүтті алмастырғышпен суару кезінде бұзауларға 3-5 күн бойына күніне екі рет доксициклин гиклатының 5 мг бір реттік дозасымен.

Бұзауларды суару кезіндегі бір күндік дозасының есебі: 1-1,25 г АМИКС™ вет Д 500 мг/г ВРП * 50 кг дене салмағына немесе 200-250 г препарат 1000 л суға.

  • Шошқаларға сумен беру дозасы жануар салмағының 1 кг-на12,5 мг доксициклин гиклаты.

Шошқаларға сумен суару кезінде дозасы: 1-1,25 г АМИКС™ вет Д 500 мг/г ВРП * 50 кг ден салмағы немесе 200-250 г препарақа  1000 л су.

Жеммен беру кезінде препараттың 0,5 кг көлемін 1 тонна жем қоспасын араластырады к (250 г/кг доксициклин бойынша).

Шошқаларға арналған жемнің кг бойынша дозасының есебі: АМИКС™ вет Д 500 мг/г ВРП  жемнің кг (г) = қажетті доза (мг/кг)*2*дене салмағы (кг)/жемді күн сайын қолдану (кг).

Емдеу ұзақтығы 4-8 күнді құрайды.

  • Ауылшаруашылық құстарын сумен суаруға арналған жануар салмағының 1 кг арналған 10-20 мг доксициклин гиклаты. Микроағзалардың жоғары сезімталдығы кезінде (МИК 1 мкг/мл дейін) 10 мг/кг доксициклин гиклаты дозасымен қолданылады, егер сезімталдығы орташа болса (МИК 2 мкг/мл дейін) жануар салмағының 1 кг арналған 20 мг/кг доксициклин гиклаты қолданылады.

Құстарды суару кезіндегі есеп: 1-2 г АМИКС™ вет Д 500 мг/г ВРП * 50 кг дене салмағы немесе 200-400 г препарат 1000 л суға.

Жеммен бірге  қолдану кезінде АМИКС™ вет Д 500 мг/г ВРП 0,5 кг  көлемінде 1 тоннжем қоспасымен араластырады   (250 г/кг доксициклин бойынша).

Құстарға арналған демнің дозасын мөлшерлеу: АМИКС™ вет Д 500 мг/г ВРП/кг жем (г)= қажетті доза (мг/кг)*2*дене салмағы (кг)/жемді күн сайын қолдану (кг).

Емдеу ұзақтығы 3-4 күнді құрайды.

Шошқалар мен құстарға топпен қолдану тәсілі кезінде тек дәрілік препарат қосылған суды ғана алу керек.

Дәрілік ерітінді емдеу кезеңінде күн сайын дайындалады.

Ерітінді қолдануға дейінгі 2 сағат бұрын дайындайды.

Бұзауларға мөлшерден көп қолдану кезінде тыныс алу және жүрек-қан тамырлары жүйесі қызметінің бұзылуымен сипатталатын улану белгілері пайда болады.

Дәрілік препаратты бірінші рет қолдану және тоқтату кезінде ерекше әсері байқалмады. Жануардың доксициклинге дербес аса сезімталдығы жоғары және кезінде АМИКС1 м вет Д 500 мг/г ВРП пайдаланудан аллергиялық әсер пайда болса, қолдануды тоқтатады және тұақтандыру терапиясы жүргізіледі.

Дәрілік препараттың кезекті дозасын өткізіп алуды болдырмау қажет, өйткені бұл терапеялық әсерін төмендетуі мүмкін. Бір дозасын өткізіп алған жағдайда препаратты қолдануды сол дазамен және сол сызбаға сәйкес қайта бастайды.

Дәрілік препаратты осы нұсқаулыққа сәйкес қолдану кезінде жағымсыз әсерлері мен асқынулар байқалмады.

Жануарларды емдеу кезінде АМИКС™ вет Д 500 мг/г ВРП бактерицидтік антибиотиктермен (пенициллин, цефалоспорин және басқалары) бірге қолдануға тыйым салынады. АМИКС™ вет Д 500 мг/г ВРП басқа препараттармен және жем қоспаларымен бірге араластыруға болмайды.

Соңғы қолданудан кейін бұзауларды етке союға 14 күн өткеннен кейін ғана, ал шошқаларды союға 4 күннен кейін, құстарды 10 мг/кг дозасымен препаратты қолданғаннан кейінгі 3 күн өткеннен кейін және 1 кг жануар салмағына доксициклин гиклатының 20 мг/кг дозасымен қолданғаннан кейінгі 8 күн өткеннен кейін ғана рұқсат беріледі. Аталған мерзім өтпеген уақытта мәжбүрлі түрде сойылған жануарлардың еттерін терісі бағалы аңдарды тамақтандыру үшін пайдалануға болады.

 

Жеке профилактикасы шаралары

АМИКС™ вет Д 500 мг/г ВРП дәрілік препаратын пайдалану арқылы емдеу-профилактикалық шараларын жүргізу кезінде дәрілік препаратпен жұмыс жасау кезінде қарастырылған жеке басының және қауіпсіздік техникасының жалпы ережелерін сақтаулары тиіс. Жұмыс аяқталғаннан кейін қолды мұқият жылы сабынды сумен жуу керек.

АМИКС™ вет Д 500 мг/г ВРП жасалатын барлық жұмыстарды жеке қорғаныс құралдарын (халат, бас киім, резеңке қолғаптар, қорғаныс көзілдірігі, респиратор немесе қорғаныс бетпердесі) пайдалану арқылы жүргізу ұсынылады. Препаратпен жұмыс жасау кезінде су ішуге, шылым шегуге және тамақ ішуге тыйым салынады. Жұмыс аяқталғаннан кейін қолды мұқият жылы сабынды сумен жуып, ауызды сумен шаю керек.

Дәрілік препарат байқаусызда теріге немесе шырышты қабыққа тиген кезде оны ағынды сумен ұзақ жуу қажет; көзге тиген кезде – жедел сумен жуу керек, қажет болса дәрігерге көріну қажет.

 

Ұйым-шығарушы: «Cymedica spol., s.r.o.», Чех Республикасы.

Шығарылатын жері: «Cymedica spol., s.r.o.», Nadrazim Pod 853, CZ – 268 01 Horovic, Чех Республикасы.

Өнімді іздеу

Сүзгіні болдыртпау