ВанШотУльтра 8

Қаптама:
10, 50 дозалық
Фармацевтикалық форма:
Вакцина
Белсенді зат:
Вакцинаның сұйық компонентінің бір иммунитеттендіру дозасында (2 мл) С/, chauvoei - > 2,28 opacity units, Cl septicum > 32 L+ units, Cl haemolyticum > 216 L + units және >3.6 opacity units, Cl novyi > 6000 MLD, Cl sordellii >20 L+ units, Cl perfringens типов C - >300 L+ units және D - >100 L+ units бар; вакцинаның лиофилдендірілген компоненті - Mannhemia haemolytica - > 1.0 RP
Бөлшектер:
Клиникалық ауру және/немесе әлсіреген жануарларға екпе жасауға тыйым салынады.
Пайдалануға көрсетілім:
Вакцина Mannhemia haemolytica туындайтын пневмониямен қоса ірі қара малдың клостридийлері мен пастереллезінің алдын-алуға арналған.
Санаты:
Ветеринариялық өнімдер
Жануар:
ірі-қара мал

ВанШотУльтра 8 –

– iрі қара малдың клостридийлері мен  пастереллезінің пайда болуының алдын-алуға арналған белсендірілмеген вакцина

 

 

Бірінші компонент – инъекция үшін суспензия дайындауға арналған лиофилизат; екінші компонент – инъекцияға арналған суспензия.

Бірінші компонент белсендірілмеген формалинмен (0,2 % по объему) Mannhemia (Pasteurella) haemolytica (штамм NL1009) бактерияларының өсірінділерінен дайындалған.

Екінші компонент формалинмен белсендірілмеген (0,2 % по объему), сапонин қоспасы (1.25± 0,05 %), калий сульфаты мен алюминий (1.2± 0,2 %) және 2 мл. дейінгі инъекцияға арналған суын қосу арқылы Clostridium chauvoi (штамм F), Cl. septicum (штамм A), Cl. haemolyticum (штамм IRP135), Cl. novyi (штамм 8296), Cl. sordellii (штамм 5918), Cl. perfringens тип С (штамм PC8) және Cl. perfringens тип D (штамм 317) бактерияларының өсірінділерінен дайындалған.

Бірінші компонент сыртқы түрі бойынша ақ түстен ақшыл сары түске дейінгі кеуекті қоспадан тұрады, екінші компонент – ақ түстен ашық қоңыр түске дейінгі сұйықтықтан тұрады.

 

 

Фармакологиялық қасиеттері

Вакцина ұзақтығы 12 айдан болатын жануарларға жасалған вакцинациядан кейінгі 3 аптадан кейін қайтадан енгізгеннен кейін ірі қара малдың клостридийлері мен пастереллезінің иммундық жауабын қалыптастырады.

Вакцинаның сұйық компонентінің бір иммунитеттендіру дозасында  (2 мл) С/, chauvoei – > 2,28 opacity units, Cl septicum > 32 L+ units, Cl haemolyticum > 216 L + units және >3.6 opacity units, Cl novyi > 6000 MLD, Cl sordellii >20 L+ units, Cl perfringens типов C – >300 L+ units және D – >100 L+ units бар; вакцинаның лиофилдендірілген компоненті – Mannhemia haemolytica – > 1.0 RP.

Вакцина зиянсыз, емдік қасиеттері жоқ.

 

 

Қолдану тәртібі

  1. Вакцина Mannhemia haemolytica туындайтын пневмониямен қоса ірі қара малдың клостридийлері мен пастереллезінің алдын-алуға арналған.
  2. Клиникалық ауру және/немесе әлсіреген жануарларға екпе жасауға тыйым салынады.
  3. Ірі қара малға туылғаннан кейінгі бір апта ішінде екпе жасауға болады.

Вакцина терінің астына екі рет  2 мл. көлемінде 4-6 апта аралығымен беріледі.

Жануарларды қайта вакцинациялауды жыл сайын, бір рет, вакцинаның бір дозасымен жүргізеді.

Екпе жасар алдында құтының ішіндегі сұйық компонентті асептика ережесін сақтай отырып лиофилдендірілген компонентті құтыға аударады да толық ерігенге дейін шайқайды. Иммунитеттендіру үшін зарарсыздандырылған шприц пен ине пайдаланылады.

Инъекция орны 70% этил спиртінің ерітіндісімен өңделеді.

Вакцинацияны мөлшерден көп берген кезде ірі қара малдың клостридийлері мен пастереллезінің пайда болуы белгілері немесе басқа да патологиялық белгілері байқалмады.

Вакцинаны алғашқы рет және кейінгі енгізулер кезінде вакцина берілгеннен кейінгі ерекшеліктері байқалмады.

Вакцина беру сызбасының бұзылуына жол бермеу керек, өйткені бұл ірі қара малдың клостридийлері мен пастереллезінің алдын-алу тиімділігінің төмендеуіне әкеліп соғуы мүмкін. Вакцинаны кезекті енгізуді өткізіп алған жағдайда имуниттендіруді мейлінше жылдамдату қажет.

Вакцинаны осы нұсқаулыққа сәйкес қолдану кезінде әдетте жағымсыз әсерлер мен асқынулар байқалмады. Сирек жағдайда кезде анафилаксия пайда болуы мүмкін, бұл кезде симптоматикалық ем тағайындалады.

Вакцинаның басқа да дәрілік препараттармен өзара әрекеті байқалмады.

Вакцинация берілген жануарларды азық-түлік мақсатында вакцинация берілгеннен кейінгі 21 күн өткен соң союға болады, сүтін шектеусіз пайдаланылады.

 

 

Ұйым-шығарушы: Zoetis LLC, 601 W. Comhusker Highway, Lincoln, NE 68521, USA.

Өнімді іздеу

Сүзгіні болдыртпау