Дектомакс

Қаптама:
50 мл, 500 мл
Фармацевтикалық форма:
Инъекцияға арналған ерітінді
Белсенді зат:
Дектомакс әсер етуші заттек ретінде 1 мл құрамында 10 мг дорамектин және қосымша заттектер: этилолеат және кунжут майы бар.
Бөлшектер:
Сыртқы түрі бойынша препарат түссіз немесе ашық сары ерітіндіден тұрады.
Пайдалануға көрсетілім:
Дектомаксты ірі қараға, қойларға және шошқаларға асқазан-ішек жолдарының, өкпе, теріасты жасушалары мен жас ағатын жолдарының жұмыр құрттарымен, теріасты бөгелек құрты және мұрын жұтқыншақ оқырасы, бит, қотырлық кенелер мен жөлек кенелерімен туындайтын ауруларды емдеу және алдын-алу үшін тағайындайды.
Санаты:
Ветеринариялық өнімдер
Жануар:
Шошқа, ірі-қара мал, Овца, Ешкі

Дектомакс – 

– авермектиндер класының паразитке қарсы препараты.

 

 

Дектомакс әсер етуші заттек ретінде 1 мл құрамында 10 мг дорамектин және қосымша заттектер: этилолеат және кунжут майы бар.

Сыртқы түрі бойынша препарат түссіз немесе ашық сары ерітіндіден тұрады.

 

 

Фармакологиялық қасиеттері

Дорамектин (25 циклогексил -5-0 диметил-25-ди (1-метилпропил) авермектин Ala) – жұмыр құрттары, бөгелек құрты және оқыра құрты, қотыр және жөлек кенелері және жануарларда паразиттік тіршілік ететін жәндіктерге кең спектріне әсер ететін Дектомакстың әсер етуші заттегі.

Дорамектинді паразиттердің бұлшықет жасушалары және жүйке ұлпаларының рецепторларымен байланыстырады және хлор иондарына арналған мембраналардың өткізгіштігін ұлғайтады, бұл жұмыр құрттар мен бунақ аяқтылардың бұлшықет және жүйке ұлпаларының электрлік белсенділігін оқшаулауға әкеледі. Сүтқоректілерде бұл рецепторлар тек орталық жүйке жүйесінде ауыздықталады, ал дорамектин гематоэнцефалды кедергі арқылы өте алмайды, сондықтан ұсынылған дозалар сүтқоректілер үшін қауіпсіз болып табылады.

Дорамектин препараты парентералдық енгізуден кейін енгізілген жерден тез таралып кетеді және жануарлардың ағзасында емдік шоғырлану түрінде ұзақ сақталады, сонымен қатар паразитоцидтік әсер етуді, паразитарлық аурулардың қоздырғыштарынан және ұзақ мерзімді кезең ішінде қайта жұқтырудан (28 күнге дейін) қорғауды қамтамасыз етеді. Ағзадан негізінен өзгермеген түрде нәжіспен, емізулі жануарлардан – жартылай сүтпен шығып кетеді.

Препарат ағзаға әсер ету дәрежесі бойынша қауіптілігі орташа заттектерге жатады (МЕМСТ 12.1.007 бойынша 3 қауіпсіздігі бойынша). Дектомакс балық және басқа да гидробионттар үшін улы болып табылады.

 

 

Қолдану тәртібі

Дектомаксты ірі қараға, қойларға және шошқаларға асқазан-ішек жолдарының, өкпе, теріасты жасушалары мен жас ағатын жолдарының жұмыр құрттарымен, теріасты бөгелек құрты және мұрын жұтқыншақ оқырасы, бит, қотырлық кенелер мен жөлек кенелерімен туындайтын ауруларды емдеу және алдын-алу үшін тағайындайды.

Ірі қара малға Дектомакс келесілермен туындайтын ауруларға тағайындайды:

  • асқазан-ішек жолдарының жұмыр құрттары (жыныс мүшелері жетілген және құрттар): Ostertagiaostertagi(қапшықталған құрттармен қоса), О. lyrata, Haemonchusplacet, Н. similis, Trichostrongylusaxei, T. colubriformis, T. longispicularis, Mecistocirrusdigitatus, Cooperiaoncophora(қапшықталған құрттармен қоса), C. pectinata, С. punctata, С. spatulata, С. sumabada(синоним mcmasteri), Nematodirushelvetianus, N. spathiger, Bunostomumphlebotomum, Strongyloidespapillosus, Oesophagostomumradiatum, Trichocephalusdiscolor, T. ovis;
  • өкпе жұмыр құрттары (жыныс мүшелері жетілген және құрттар): Dictyocaulus viviparus;
  • жас ағатын жолдардың жұмыр құрттарымен: Thelazia spp.;
  • тері асты жұмыр құрттармен: Parafilaria bovicola;
  • теріасты бөгелек құрттарымен: Hypoderma bovis, Hypoderma lineatum;
  • биттермен: Haematopinus eurysternus, Linognathus vituli, Solenopotes capillatus
  • қотырлық кенелер: Psoroptes bovis, Chorioptes bovis;
  • жөлек кенелерімен: Boophilus microplus;
  • арғас кенелерімен: Ornithodorus

Қойларға Дектомакс келесілермен туындайтын ауруларға тағайындайды:

  • асқазан-ішек жолдарының жұмыр құрттары: Ostertagia (Teladorsagia) circumcincta (жыныс мүшелері жетілген және құрттар, өндірілетін бензимидазолға резистенттермен қоса), Haemonchus contortus (жыныс мүшелері жетілген және құрттар), Trichostrongilus axei (жыныс мүшелері жетілген және құрттар), Т. colubriformis (жыныс мүшелері жетілген және құрттар), Т. vitrinus (жыныс мүшелері жетілген және құрттар), Cooperia curticei (құрттар), С. oncophora (жыныс мүшелері жетілген және құрттар), Oesophagostomum venulosum (жыныс мүшелері жетілген), Nematodirus spp. (жыныс мүшелері жетілген және құрттар), Strongyloides papillosus;
  • өкпе жылан құрттары: Dictyocaulus filaria;
  • қотырлық кенелер: Psoroptes ovis;
  • мұрын-жұтқыншақ бөгелегінің құрттары: Oestrus ovis.

Шошқаларға Дектомакс келесілермен туындайтын ауруларға тағайындайды:

  • асқазан-ішек жолдарының жұмыр құрттары (жетілген және құрттар): Hyostrongylusrubidus, Ascarissuum, Strongyloidesransomi(жыныс мүшелері жетілген), Oesophagostomumdentatum, O. quadrispinulatum, Trichocephalussuis;
  • өкпе жұмыр құрттары (жыныс мүшелері жетілген): Metastrongylus spp.;
  • бүйрек жұмыр құрттары (жыныс мүшелері жетілген): Stephanurus dentatus;
  • биттер: Haematopinus suis;
  • қотырлық кенелер: Sarcoptes scabiei.

Дәрілік препараттың компоненттеріне (оның ішінде анамнездік) жануарлардың дербес аса сезімталдығы қолдануға қарсы көрсетілімдер болып табылады. Сүтпен бірге дорамектин бөлінуіне байланысты Дектомаксты сауын сиырлар мен қойларға, сонымен қатар буаз сиырларға болжалды туатын уақытына дейінгі 60 тәулік бұрын және буаз қойларға  болжалды туатын уақытына дейінгі 70 тәулік бұрын қолдану керек. Препаратты жұқпалы аурулармен ауыратын және әлсіреген жануарларға қолдануға болмайды.

Препаратпен жұмыс жасау кезінде ветериналық мақсаттағы дәрілік препаратпен жұмыс жасау кезінде қарастырылған жалпы жеке басының гигиенасы және қауіпсіздік техникасының жалпы ережелерін сақтаулары тиіс. Препаратпен жұмыс жасау кезінде су ішуге, шылым шегуге және тамақ ішуге тыйым салынады. Жұмыс аяқталғаннан кейін қолды мұқият жылы сабынды сумен жуып, ауызды сумен шаю керек.

Дәрілік препарат байқаусызда теріге немесе шырышты қабыққа тиген кезде оны ағынды сумен ұзақ жуу қажет. Препаратқа деген сезімталдығы аса жоғары адамдар Дектомакспен тікелей жанасудан сақтанулары керек. Аллергиялық әсерлер немесе дәрілік препарат байқаусызда адам ағзасына тиіп кеткен жағдайда шұғыл медициналық мекемеге көріну қажет (өзіңізбен бірге препаратты қолдану бойынша нұсқаулық немесе затбелгі қағазы болуы тиіс).

Дәрілік препараттың бос құтыларын тұрмыстық мақсатта қолдануға болмайды, олар тұрмыстық қалдықтармен бірге кәделенуі тиіс.

Дектомаксты буаз сиырларға болжалды туатын уақытына дейінгі 60 тәулік бұрын және буаз қойларға болжалды туатын уақытына дейінгі 70 тәулік бұрын қолдану керек тыйым салынады.

Дектомакс жануарларға келесі дозамен бір реттен парентералдық тәсілмен енізіледі:

ірі қара малға – мойнының маңындағы тері астына 0,2 мг дорамектин 1 кг салмаққа, мұнда Дектомакстың 1 мл ерітіндісі  жануардың  50 кг салмағына сәйкес келеді;

қойларға – бұлшықетке, 0,2 мг дорамектин 1 кг салмаққа, мұнда Дектомакстың 1 мл ерітіндісі  жануардың  50 кг салмағына сәйкес келеді. Қотырдың ауыр түрін емдеу кезінде, әсіресе созылмалы болса препарат дозасы 1,5 есе- 1 кг салмаққа дорамектинның 0,3 мг  дейін ұлғайтылады, мұнда жануардың 50 кг салмағына 1,5 мл сәйкес келеді;

шошқаларға – құлағының түбіндегі бұлшықетке 1 кг салмағына 0,3 мг дозасымен беріледі, мұнда жануардың 33 кг салмағына Дектомакстың 1 мл ерітіндісі сәйкес келеді.

Препаратты асептика ережесін сақтай отырып, зарарсыздандылыған шприц пен инені пайдалану арқылы енгізеді. 5 °С төмен температура кезінде препараттың тұтқырлығы айтарлықтай артады және оны енгізу қиынға соғады. Бұл жағдайда ерітінді мен шприцті бөлме температурасына дейін жылыту керек, бұл кезде препаратты шприцке жинау және оны жануарға енгізу жеңіл болады.

Алдын-алу мақсатында жануарлардың жұмыр құрттарын өңдеу жылына екі рет жүргізіледі: күзде және көктемде жайылымға жіберер алдында,  оқыра инвазиясына қарсы – жазғы жұмыр құрттар аяқталғаннан кейін бірден, эктопаразиттерге қарсы – көрсеткіштер бойынша.

Дектомаксты осы нұсқаулыққа сәйкес қолдану кезінде әдетте жағымсыз әсерлер мен асқынулар байқалмады. Аллергиялық әсерлер пайда болған кезде препаратты пайдалану тоқтатылады және гистаминге қарсы заттектер тағайындалады, симптоматикалық емдеу жүргізіледі.

Препаратты артық қолдану кезінде жануарларда әлсіздік, діріл, көп сілекей бөліну байқалады. Уытсыздандырудың арнайы құралдары жоқ, ағзадан дәрілік препаратты шығаруға бағытталған жалпы шаралар қолданылады.

Басқа да дәрілік препараттармен өзара әрекеті байқалмады.

Дәрілік препаратты бірінші рет қолдану және оны тоқтату кезінде айрықша әрекеті байқалмады.

Препарат жануарларға бір рет пайдалануға арналған.

Соңғы қолданудан кейін ірі қара малды етке союға 70 күн өткеннен кейін, ал шошқаларды союға 77 күннен кейін кейін ғана рұқсат беріледі. Аталған мерзім өтпеген уақытта мәжбүрлі түрде сойылған жануарлардың еттерін терісі бағалы аңдарды тамақтандыру үшін пайдалануға болады.

 

 

Ұйым-шығарушы: «Inovat Industria Farmaceutica Ltda», Avenida Presidente Tancredo de Almeida Neves, № 1555, Macedo, 07.112-070, Guarulhos/SP, Brazil

Өнімді іздеу

Сүзгіні болдыртпау