Динолитик

Қаптама:
10 мл
Фармацевтикалық форма:
Инъекцияға арналған ерітінді
Белсенді зат:
Динолитик 1 мл құрамында әсет етуші заттек ретіндегі 5 мг динопрост (простагландин F2a трометаминді тұз ретінде), ал қосымша заттектер ретінде 16,5 мг бензил спирті және инъекцияға арналған 1 мл.дейін су бар
Бөлшектер:
Дәрілік препараттың жарамдылық мерзімі өндірушінің жабық қаптамада сақтату талабын орындаған кезде шығарылған күннен бастап 2 жылды құрайды, құтыны ашқаннан кейін - 28 күннен аспайды
Пайдалануға көрсетілім:
Динолитик сиырлардың жыныстық циклін үйлестіру, пиометрлерін емдеу, созылмады метрит пен эндометритті емдеу (үрпіні тілу құралы ретінде кешенді емдеу), төлдеуін ынталандыру және сиырлардың буаздығын тоқтату; биелердің жыныстық циклін үйлестіру, пиометрлерін емдеу, созылмады метрит пен эндометритті емдеу (үрпіні тілу құралы ретінде кешенді емдеу), биелер мен аналық шошқалардың төлдеуін ынталандыру.
Санаты:
Ветеринариялық өнімдер
Жануар:
Шошқа, ірі-қара мал, Жылқы

Динолитик – 

– Сиыр, жылқы, шошқалардың көбею қызметін реттеу және гинекологиялық ауруларын емдеуге арналған.

 

 

Динолитик 1 мл құрамында әсет етуші заттек ретіндегі  5 мг динопрост (простагландин F2a трометаминді тұз ретінде), ал қосымша заттектер ретінде    16,5 мг бензил  спирті және инъекцияға арналған 1 мл.дейін су бар.

 

 

Фармакологиялық қасиеттері

Динолитик горманалдық дәрілік препараттар қатарына жатады.

Препарат құрамына кіретін динопрост лютеолиттік беленділігіне ие, сонымен қатар тегіс бұлшықетті, әсіресе миометриялар, қаң тамырарының бұлшықеттері, бронхтар мен асқазан ішек жолдарын ынталандыру әсері бар.

Динолитикті енгізгеннен кейін динопрост-трометамин динопросттың (F2ct) түзілуіне байланысты тез ыдырайды. Динопросттың жартылай бөліну кезеңі 5-10 минут құрайды, бауырда метаболиттенеді, ағзадан негізінен бүйрек арқылы метаболит түрінде шығарылады.

Динолитик ағзаға әсер ету дәрежесі бойынша қауіптілігі орташа заттектерге жатады (МЕМСТ 12.1.007 бойынша 3 қауіптілік класы).

 

 

Қолдану тәртібі

Динолитик сиырлардың жыныстық циклін үйлестіру, пиометрлерін емдеу, созылмады метрит пен эндометритті емдеу (үрпіні тілу құралы ретінде кешенді емдеу), төлдеуін ынталандыру және сиырлардың буаздығын тоқтату; биелердің жыныстық циклін үйлестіру, пиометрлерін емдеу, созылмады метрит пен эндометритті емдеу (үрпіні тілу құралы ретінде кешенді емдеу), биелер мен аналық шошқалардың төлдеуін ынталандыру.

Динолитик жануарлардың буаз кезінде, жүрек-қан тамырлары жүйесі, асқазан-ішек жолдары немесе тыныс алу органдарының асқынған немесе асқыну алдындағы түрінде түсік жасау қажет болған жағдайдан басқа кезде қолдануға тыйым салынады.

Динолитик жануарлардың бұлшық етіне салынады.

Сиырларға препарат 5 мл (25 мг динопроста) дозасымен енгізіледі:

  • Персистенттік сары дене болған жағдайда бір рет, ұрықтандыруды 2-4 күннен кейін жасауға болады;
  • жыныстық қажеттілігін үйлестіру үшін төлдегеннен кейінгі 35 күннен кейін 10-12 күн аралығымен екі рет, өңделген жануарларды қайтадан инъекция жасалғаннан кейінгі 72 және 90 сағаттан кейін ұрықтанырады
  • буаздықтың 5 және 120 күндері арасында бір рет буаздығын тоқтатқан кезде 4 күн ішінде түсік тастайды.
  • эндометрит, пиометрді емдеу үшін бір рет.

Төлдеуді ынталандыру үшін препарат бір рет 5 және 7 мл дозамен буаздықтың 270 күнінен кейін  енгізеді. 1-8 күннен кейін төлдейді (орта есеппен 3 күннен кейін).

Биелердің эструсын үйлестіру, персистенттік сары денемен туындаған анэструсын емдеу үшін  Динолитик 1 мл дозамен  циклдің 4 және 13 күндері аралығында енгізіледі. Ұрықтандыру ағуының бірінші белгілері пайда болғаннан кейін жасалады.

Аналық шошқалардың төлдеуін ынталандыру үшін болжалды төлдеу мерзіміне дейінгі 2-3 күнде 2 мл дозамен бір рет енгізіледі.  Орта есеппен 33 сағаттан кейін төлдейді.

Препаратты 5-10 есе мөлшерден артық пайдалану кезінде көп жағдайда  тікішек температурасы көтеріледі. Барлық аталған жағдайларда температураның мұндай өзгеруі уақытша сипатта болып табылады және жануарлық жалпы күйіне жағымсыз әсер етпейді.

Препаратты бірінші рет қабылдау және оны тоқтату кезінде айрықша әсері байқалмады.

Дәрілік препараттың кезекті дозасын өткізіп алуды болдырмау қажет, өйткені бұл терапеялық әсерін төмендетуі мүмкін. Бір дозасын өткізіп алған жағдайда оны тезірек салу қажет. Одан әрі препаратты енгізу аралығы өзгермейді.

Динолитикті осы нұсқаулыққа сәйкес қабылдау кезінде сиырларда асқынулар мен кері әсерлер байқалмады.

Аллергиялық әсерлері пайда болған кезде препаратты пацдалау тоқталады және гистаминге қарсы құралдар адреналин, қыртыс-стероидтік және басқа симптоматикалық емдер тағайындалады.

Жылқыға кері әсер етулер терлеу, тікішек температурасының төмендеуімен көрінеді. Бұл өзгерістер өзгеруі уақытша сипатта болып табылады және жануарлық жалпы күйіне жағымсыз әсер етпейді. Басқа да әсер етулердің арасында жүректің жиі соғуы, тыныс алуының жиілеуі, асқазанның ауыруы, қимыл қозғалыс үйлесімділігінің бұзылуы, жата беруі атап көрсетіледі. Бұл әсерлер әдетте инъекция берілгеннен кейінгі  минут ішінде байқалады және бір сағатта жоғалып кетеді.

Динолитикті буаз шошқаларға енгізгененн кейін жекелеген ануарлардың қысқа мерзім ішінде дене температурасының көтерілуі, тыныс адуының жиілеуі, сілекейдің көп бөлінуі, нәжіс шығару және зәр шығаруы, терісінің қызаруы мен тынышсыздануы байқалады.  Шошқалар арқасын бүгіп алып, жер қаза бастайды, бүйірімен сүйкенеді және тордың сымдарын кеміреді. Бұл шошқалардың қалыпты төлдеуі алдындағы ккөрініске ұқсас келеді және бұл инъекция жасалғаннан кейінгі 15 минут ішінде болады да 1 сағатта жоғалып кетеді.

Басқа да дәрілік препараттармен өзара әрекетіндегі ерекшеліктер туралы ақпарат жоқ.

Соңғы қолданудан кейін ірі қара малды етке союға 48 сағат өткеннен кейін ғана рұқсат беріледі. Аталған мерзім өтпеген уақытта мәжбүрлі түрде сойылған жануарлардың еттерін терісі бағалы аңдарды тамақтандыру үшін пайдалануға болады.

Динолитикті қолданғаннан  кейін сиырлардың сүтін азық-түліктік мақсатта шектеусіз пайдалануға болады.

 

 

Ұйым-шығарушы: «Zoetis Belgium s. a.», Rue Laid Burniat 1 В 1348 Louvain-la-Neuve, Belgium

Өнімді іздеу

Сүзгіні болдыртпау