Инфорс 3

Қаптама:
10, 25, 50 дозалық
Фармацевтикалық форма:
Вакцина
Белсенді зат:
Вакцинаның бір иммунитеттендіру дозасында қоздырғыштардың аттенуацияланған штаммалары бар: инфекциялық ринотрахеит (штамм RLB 106) 105,5 ТЦД50 кем емес, парагрипп-3 (штамм RLB 103) 105,0 ТЦД50 кем емес және респираторлық жасушалар инфекциясының (штамм BRSV/375) 104’7 ТЦД50 кем емес.
Бөлшектер:
Сыртқы түрі бойынша вакцина біртекті түссіз кеуекті ашық сары түсті қоспадан, ал еріткіш-түссіз мөлдір сұйықтықтан тұрады.
Пайдалануға көрсетілім:
Вакцина ұзақтығы 12 айдан кем емес бір еселік вакцинациядан кейінгі 3 аптадан кейін ірі қара малдың инфекциялық ринотрахеиті, парагрипп-3, респираторлық жасушалар инфекциясының қоздырғыштарына иммундық жауабын қалыптастырады.
Санаты:
Ветеринариялық өнімдер
Жануар:
ірі-қара мал

Инфорс 3 –

– Ірі қара малдың инфекциялық ринотрахеиті, парагрипп-3, респираторлық жасушалар инфекциясының алдын-алуға арналған Инфорс 3 вакцинасын

 

 

Вакцина – мұрын ішілік енгізуге ерітіндісін дайындауға арналған лиофилизат, сұйылтқын – мұрын ішілік енгізуге арналған ерітінді.

Вакцина қорытылатын дақыл жасушаларынан, инфекциялық ринотрахеиттің қоздырғыштарымен инфекциялық аттенуацияланған вирустармен, парагрипп-3, респираторлық жасушалар инфекциясының дақылдық сұйықтықтарынан консерванттар мен тұрақтандырғыштар ретінде: N-Z амин және сарыуыз ерітінділері,  буферного раствора лактоза моногидратының буферлік ерітіндісіне гентамицин қосу арқылы  дайындалады.

Еріткіш – инъекцияға арналған су.

 

 

Фармакологиялық қасиеттері

Вакцина ұзақтығы 12 айдан кем емес бір еселік вакцинациядан кейінгі 3 аптадан кейін ірі қара малдың инфекциялық ринотрахеиті, парагрипп-3, респираторлық жасушалар инфекциясының қоздырғыштарына иммундық жауабын қалыптастырады.

Вакцинаның бір иммунитеттендіру дозасында қоздырғыштардың аттенуацияланған штаммалары бар: инфекциялық ринотрахеит (штамм RLB 106) 105,5 ТЦД50 кем емес, парагрипп-3 (штамм RLB 103) 105,0 ТЦД50 кем емес және респираторлық жасушалар инфекциясының (штамм BRSV/375) 1047

ТЦД50 кем емес.

Вакцина зиянсыз, емдік қасиеттері жоқ.

 

 

Қолдану тәртібі

Вакцина ірі қара малдың инфекциялық ринотрахеиті, парагрипп-3, респираторлық жасушалар инфекциясының алдын-алуға арналған.

Клиникалық ауру және/немесе әлсіреген жануарларға екпе жасауға тыйым салынады.

Жануарларды туылғанынан кейінгі бір аптадан бастап, буаз жануарлармен қоса екпе жасауға болады.

6 айға дейінгі бұзауларды 6 ай толғаннан кейін анасының қарсы денелері тарабынан болуы  ықтимал иммунитеттер интерференциясының алдын-алу мақсатында қайтадан екпе жасалуы тиіс.

Қайтадан вакцинация беру жыл сайын бір рет жүргізіледі.

Екпе жасар алдында құтының ішіндегі сұйық компонентті асептика ережесін сақтай отырып лиофилдендірілген компонентті құтыға аударады да толық ерігенге дейін шайқайды.

Вакцинаны мұрынның ішіне 2 мл. дейінгі дозада енгізеді.   Әрбір танауға 1 мл вакцина тамызылады.  Вакцинаны бөлек жеткізілетін арнайы көп реттік аппликаторлар көмегімен енгізуге болады.

Вакцинаны шамадан тыс көп қолдану кезінде инфекциялық ринотрахеит, парагрипп-3, респираторлық жасушалар инфекциясының алдын-алу немесе басқа да патологиялық күйі тағайындалмады.

Вакцинаны алғашқы рет және кейінгі енгізулер кезінде вакцина берілгеннен кейінгі ерекшеліктері байқалмады.

Вакцина буаз және емізу кезінде де қолданыла алады.

Вакцинаны енгізу кезінде сызбасының (мерзімінің) бұзылуына жол бермеу керек, өйткені ол ірі қара малдың инфекциялық ринотрахеиті, парагрипп-3, респираторлық жасушалар инфекциясын иммундық профилактикасының тиімділігін төмендетуге әскеліп соғуы мүмкін. Вакцинаны кезекті енгізуді өткізіп алған жағдайда имуниттендіруді мейлінше жылдамдату қажет.

Вакцинаны осы нұсқаулыққа сәйкес қолдануға енгізу және оны тоқтату кезінде кері әсерлер мен асқынулар байқалмады.

Аллергиялық әсерлері пайда болған кезде препаратты пайдалау тоқталады және гистаминге қарсы құралдар адреналин, қыртыс-стероидтік және басқа симптоматикалық емдер тағайындалады.

Инфорс 3 вакцинасының басқа да дәрілік препараттармен өзара әрекеті байқалмады.

Вакцина жасалғаннан кейінгі 21 күннен кейін азық-түліктік мақсатта сойылған вакцина алған жануарлардың еттерінен жасалған өнімдер сатуға шығарылады, сүтін шектеусіз пайдалануға болады.

 

 

Ұйым-шығарушы: Zoetis LLC, 601 W. Comhusker Highway, Lincoln, NE 68521, USA.

Өнімді іздеу

Сүзгіні болдыртпау