Кламоксил LA

Қаптама:
100 мл
Фармацевтикалық форма:
Инъекцияға арналған суспензия
Белсенді зат:
Кламоксил LA 1 мл құрамында әсер етуші заттек ретінде амоксициллин тригидраты - 150 мг, ал қосымша заттектер ретінде: алюминий стеараты мен фракцияланған кокос майы бар
Бөлшектер:
Сыртқы түрі бойынша препарат ақ немесе ашық сары түсті суспензиядан тұрады
Пайдалануға көрсетілім:
Кламоксил LA ірі қара малды, қой,шошқа, ит және мысықтардың асқазан-ішек жолдарының, тыныс алу жолдарының, несеп-жыныс жүйесі, терісі мен жұмсақ ұлпасы, тұяқшіру, жара, іріңді ісік, буындардың ісінуі, кіндік инфекциялары, торайлардың атрофиялық риниті, сонымен қатар хирургиялық инфекциялардың алдын-алу мақсатында қолданылады
Санаты:
Ветеринариялық өнімдер
Жануар:
Ит, Мысық, Шошқа, ірі-қара мал, Овца

Кламоксил LA – 

– жартылай синтетикалық пенициллиндер тобының бактерияға қарсы дәрілік препараты.

 

 

Дәрілік түрі: инъекцияға арналған суспензия.

Кламоксил LA 1 мл құрамында әсер етуші заттек ретінде амоксициллин тригидраты – 150 мг, ал қосымша заттектер ретінде: алюминий стеараты мен фракцияланған кокос майы бар.

Сыртқы түрі бойынша препарат ақ немесе ашық сары түсті суспензиядан тұрады.

 

 

Фармакологиялық қасиеттері

Дәрілік препарат құрамына кіретін амоксициллин грамоң микроағзаларға, яғни Actinomyces bovis, Clostridium perfringens, Erysipelothrix rhusiopathiae, Streptococcus suis, Streptococcus faecalis, Streptococcus pneumoniae, Staphylococcus , Bacillus anthracis, Arcanobacterium pyogenes, Listeria monocytogenes, сонымен қатар грамтеріс аэробтық микроағзаларға, яғни Actinobacillus lignieresi, Actinobacillus equili, Bordetella bronchiseptica, Escherichia coli, Corynebacterium bovis, Fusobacterium necrophorum, Haemophilus spp., Moraxella bovis, Pasteurella spp., Proteus mirabilis, Salmonella spp., Brachyspira hyodysenteriae қатысты бактериялық әсер беретін жартылай синтетикалық актибиотиктер тобына жатады. Амоксициллин β-лактамазада өндірілетін микроағзаларға беленді болып табылмайды.

Амоксициллин әрекетінің механизмі пептидогликанды біріктіру үшін қажетті транспептидтік байланыс жасау барысын баяулату арқылы микроағза жасушаларының қабырғаларындағы қалыптасулардың бұзылуынан олардың өлуіне әкеліп соғатынын көрсетеді.

Амоксициллинді парентералдық енгізу  кезінде  амоксициллин инъекция берілген жерде біртіндеп сіңеді, жануар ағзасының барлық органдары мен тіндеріне өтеді. Қанда  антибиотиктің максималды шоғырлануы тері астына енгізілгеннен кейінгі 2 сағаттан кейін болады және 48 сағат бойына терапериялық деңгейде тұрады.

Амоксициллин ағзадан негізінен зәрмен және көп жағдайда өтпен негізінен өзгермеген күйде шығарылады.

Кламоксил LA ағзаға әсер ету дәрежесі бойынша қауіптілігі орташа заттектерге жатады (МЕМСТ 12.1.007 бойынша 3 қауіптілік класы).

 

 

Қолдану тәртібі

Кламоксил LA ірі қара малды, қой,шошқа, ит және мысықтардың асқазан-ішек жолдарының, тыныс алу жолдарының, несеп-жыныс жүйесі, терісі мен жұмсақ ұлпасы, тұяқшіру, жара, іріңді ісік, буындардың ісінуі, кіндік инфекциялары, торайлардың атрофиялық риниті, сонымен қатар хирургиялық инфекциялардың алдын-алу мақсатында қолданылады.

Жануарлардың пенициллиндік қатарының антибиотиктеріне жануарлардың дербесс аса сезімталдығы Кламоксил LA қолдануға қарсы көрсетілімдері болып табылады. Пенициллиназаны құрайтын бактериялармен туындалған инфекциялар кезінде дәрілік препаратты қолдануға болмайды.

Кламоксил LA препаратымен жұмыс жасау кезінде дәрілік препаратпен жұыс жасау үшін қарастырылған жалпы жеке басының гигиенасы және қауіпсіздік техникасының жалпы ережелерін сақтаулары тиіс. Жұмыс аяқталғаннан кейін қолды мұқият жылы сабынды сумен жуу керек.

Дәрілік препарат байқаусызда теріге немесе шырышты қабыққа тиген кезде оны ағынды сумен ұзақ жуу қажет; көзге тиген кезде – жедел сумен жуу керек, қажет болса дәрігерге көріну қажет. Препарат компоненттеріне сезімталдығы өте жоғары адамдар Кламоксилмен тікелей жанасудан сақтанулары керек.  Аллергиялық әсерлер немесе дәрілік препарат байқаусызда адам ағзасына тиіп кеткен жағдайда шұғыл медициналық мекемеге көріну қажет (өзіңізбен бірге препаратты қолдану бойынша нұсқаулық  немесе затбелгі қағазы болуы тиіс).

Дәрілік препараттың бос құтыларын тұрмыстық мақсатта қолдануға болмайды, олар тұрмыстық қалдықтармен бірге кәделенуі тиіс.

Буаз және емізетін жануарларды емдеу үшін препарат сүт пен ет бойынша күтілетін мерзімді есепке ала отырып көрсетілген дозалармен тағайындайды.

Препарат бұлшықетке және тері астына жануардың 10 кг салмағына 1 мл дозамен беріледі, бұл жануар салмағының 1 кг бойынша 15 мг амоксициллинге сәйкес келеді. Ірі қара малдың бір жеріне енгізу көлемі 20 мл аспауы, шошқалар үшін  – 10 мл, қойлар үшін – 5 мл аспауы тиіс, мысықтар мен иттер үшін енгізу көлемі мөлшерленбейді.

Көрсетілімдер болған кезде  Кламоксил LA 48 сағаттан кейін қайта беріледі.

Дәрілік препарат құйылған құтыны қолданар алдында жақсылап шайқау керек.

Кламоксилді LA тағайындау кезінде осы нұсқаулыққа сәйкес кері әсерлер мен асқынулар байқалмады. Сирек жағдайда жекелеген жануарларда препарат енгізілген жерде 1-2 күнде тарап кететін ісік болуы мүмкін.

Дәрілік препаратты шамадан тыс пайалану белгілері анықталмады.

Кламоксил LA бір шприцте басқа да дәрілік препараттармен араластыруға тыйым салынады.

Бірінші рет қолдану және оны тоқтату кезінде айрықша әсері байқалмады. Аллергиялық әсерлер пайда болған кезде препаратты пайдалану тоқтатылады және гистаминге қарсы заттектер тағайындалады, симптоматикалық емдеу жүргізіледі.

Кламоксилді LA қайтадан тағайындау кезінде препаратты енгізу интервалының бұзылуына жол бермеу керек, өйткені ол емдеу тиімділігінің төмендеуіне әкеліп соғуы мүмкін.

Дәрілік препарат соңғы рет енгізілгеннен кейін ірі қара малдан алынған сүтті азық-түліктік мақсатта 9 тәуліктен кейін, қойдың сүтін 7 тәуліктен кейін пайдалануға болады. Көрсетілген мерзімдер өткенге дейінгі алынған сүт жануарларды тамақтандыру үшін қайнатып пайдалану керек.

Препарат енгізілгеннен кейін ірі қараны етке союға кемінде 92 тәулік, ал қойларды – 45 тәулік, торайларды – 93 тәулік өткеннен кейін ғана рұқсат беріледі. Аталған мерзім өтпеген уақытта мәжбүрлі түрде сойылған жануарлардың еттерін терісі бағалы аңдарды тамақтандыру үшін пайдалануға болады.

 

 

Ұйым-шығарушы: «Haupt Pharma Latina S.r.l.», S.S. 156 km 47,600 – Borgo San Michele – 04100 (Latina) Italy

Дәрілік препаратты ұстаушы немесе тіркеу куәлігінің иесі өкілеттілігі берілген ұйымның атауы, мекен-жайы: «Зоэтис» ЖШҚ, РФ, 123112, Мәскеу, Пресненская набережная көшесі, 10-үй

Өнімді іздеу

Сүзгіні болдыртпау