Литергард LT-C

Қаптама:
10, 50, 250 дозалық
Фармацевтикалық форма:
Вакцина
Белсенді зат:
Вакцинаның бір иммунитеттендіру дозасында бактерияның формалинмен белсендірілмеген Е. coli NADC 1471 адгезия факторымен F41- 1,0 RP*; Е. coli NADS 1413 адгезия факторымен 987Р - 1,0 RP; Е. coli pPS002 адгезия факторымен К88 - 1,0 RP; Е. coli NL-1005 адгезия факторымен К99 -1,0 RP, NADC 1471 адгезия факторымен К99 -1,0 RP; Е. coli NL-1001 с LTB - 1,0 RP; бетатоксоид Clostridium perfringens типа С - 10 IAU* бар. Ескертпе: *RP- салыстырмалы белсенділік *1AU - халықаралық антитоксиндік бірлік.
Бөлшектер:
Сыртқы түрі бойынша вакцина ақ түстен ақшыл сары түске дейінгі біртекті кеуекті қоспадан тұрады, сұйық компонент - ақ түстен ақшыл сары түске дейінгі біртекті суспензиядан тұрады. Сақтаған кезде түзілетін бос шөгінді шайөаған кезде ыдырап кетеді.
Пайдалануға көрсетілім:
Вакцина Escherichia coli және Clostridium perfringens бактериялармен туындайтын нәрестелік диареяға қарсы жаңа туған торайлардың колостральдық иммунитетін тудыру мақсатында торайларды туар алдындағы шошқалардың прфилактикалық иммуниттендіруге арналған.
Санаты:
Ветеринариялық өнімдер
Жануар:
Шошқа

Литергард LT-C – 

– Нәрестелік диареяға қарсы шошқаларды профилактикалық иммунитеттеуге арналған Литергард LT-C вакцинасын  қолдану (бактерин-токсоид)

 

 

Вакцина Escherichia coli бактериялары өсірінділерінен (штамма: NADC 1471 (К99, F41), NADS 1413 (987Р), pPS002 (К88), NL- 1005 (K99), NL-1001 (LTB) және бетатоксоиа Clostridium perfringens С типті; алюминий гидроксиді – 2% (адъювант) және мертиолят – 0,01% (консервант) қосумен дайындалған.

Сыртқы түрі бойынша вакцина ақ түстен ақшыл сары түске дейінгі біртекті  кеуекті қоспадан тұрады, сұйық компонент – ақ түстен ақшыл сары түске дейінгі біртекті суспензиядан тұрады. Сақтаған кезде түзілетін бос шөгінді шайөаған кезде ыдырап кетеді.

 

 

Фармакологиялық қасиеттері

Вакцина ұзақтығы кемінде 6 ай болатын 10-15 күннен кейін қайтадан енгізу кезінде Escherichia coli және Clostridium perfringens С типті бактерияларымен негізделген нәрестелік диареяларға қарсы аналық шшошқаларда иммундық жауаптың қалыптасуын туғызады.

Вакцинаның бір иммунитеттендіру дозасында бактерияның формалинмен белсендірілмеген Е. coli NADC 1471 адгезия факторымен F41- 1,0 RP*; Е. coli NADS 1413 адгезия факторымен 987Р – 1,0 RP; Е. coli pPS002 адгезия факторымен К88 – 1,0 RP; Е. coli NL-1005 адгезия факторымен К99 -1,0 RP, NADC 1471 адгезия факторымен К99 -1,0 RP; Е. coli NL-1001 с LTB – 1,0 RP; бетатоксоид Clostridium perfringens типа С – 10 IAU* бар.

Ескертпе: *RP- салыстырмалы белсенділік

*1AU – халықаралық антитоксиндік бірлік.

 

Вакцина зиянсыз, емдік қасиеттері жоқ.

 

 

Қолдану тәртібі

Вакцина Escherichia coli және Clostridium perfringens бактериялармен туындайтын нәрестелік диареяға қарсы жаңа туған торайлардың колостральдық иммунитетін тудыру мақсатында торайларды туар алдындағы шошқалардың прфилактикалық иммуниттендіруге арналған.

Клиникалық ауру және/немесе әлсіреген жануарларға екпе жасауға тыйым салынады.

Вакцинация жасауға буаз аналық шошқалар мен жөндеу шошқалары жатады.

Вакцина жануарларға тері астына немесе бұлшықетке 2 мл дозамен асептика және антисептика ережелерін сақтау арқылы беріледі.

Вакцина жасау үшін әрбір жануарға бөлек стерильді ине қолдана отырып  15-20 минут бойына қайнатылатын шприцтер мен инелер пайдаланылады.  Бір  рет пайдаланылатын шприцерді пайдалануға болады.  Инъекция орны 70% этил спиртімен немесе басқа да зарарсыздандыру ерітіндісімен өңделеді.  Бастапқы вакцинаны аналық шошқаларға 3 апта аралығымен екі рет береді.   Екінші дозаны төлдегенге дейінгі екі аптадан кешіктірмей береді.

Жануарларға да екпені төлдегенге дейінгі  екі аптадан кешіктірмей береді.

Колостральдық иммунитетті қалыптастыру үшін әрбір торай уыздың қажетті мөлшерін алуы керек.

Шошқаларда нәрестелік диареяның немесе вакцинаны мқлшерден тыс қолдану кезінде басқа да патологиялар тағайындалмады.

Бірінші және кейінгі вакциналар кезіндегі вакцинадан кейінгі әсерлердің ерекшеліктері тағайындалмады.

Вакцинациялау сызбасының бұзылуына жол бермеу керек, өйткені ол шошқалардың нәрестелік диареясының иммундік алдын-алу тиімділігінің әсерін төмендетуі мүмкін. Вакцинаны кезекті енгізуді өткізіп алған жағдайда имуниттендіруді мейлінше жылдамдату қажет.

Вакцинаны осы нұсқаулыққа сәйкес қолдану кезінде әдетте жағымсыз әсерлер мен асқынулар байқалмады. Сирек жағдайда кезде анафилаксия пайда болуы мүмкін, бұл кезде симптоматикалық ем тағайындалады.

Вакцинаны басқа да иммундік биологиялық препараттармен бір уақытта пайдалануға тыйым салынады.

Вакцинация берілген жануарларды азық-түлік мақсатында вакцинация берілгеннен кейінгі 21 күн өткен соң союға болады.

 

 

Ұйым-шығарушы: Zoetis LLC, 601 W. Comhusker Highway, Lincoln, NE 68521, USA.

Өнімді іздеу

Сүзгіні болдыртпау