Мультимаст DC

Қаптама:
Мультимаст DC 4,5 г үрпіге салуға арналған, пластик қалпақтармен тығындалған стерильді пластик шприц-дозаторларға салынған күйде шығарылады. Шприц-дозаторлар 120 данадан пластик шелектерге салынады
Фармацевтикалық форма:
үрпіге енгізуге арналған суспензия
Белсенді зат:
Мультимаст DC препаратының бір шприце-дозаторында әсер етуші заттектер ретінде: прокаин беизилпенициллин 400 мг, пенетамат гидройодиды 100 мг, неомицип сульфаты 100 мг., ал қосымша заттектер ретінде: алюминий стеараты 15.7 мг. сұйық парафин 4,5 г. дейін бар
Бөлшектер:
Сыртқы түрі бойынша Мультимаст DC ақ түстен ашық сары түске дейінгі майлы біртекті суспензиядан тұрады
Пайдалануға көрсетілім:
Мультимаст DC суалу кезеңінде сиырлардың желінінің қабынуын емдеу және алдын-алуға арналған
Санаты:
Ветеринариялық өнімдер
Жануар:
ірі-қара мал

Мультимаст DC – 

– суалу кезеңінде сиырлардың емшектің қабынуын емдеу және алдын-алуға арналған.

 

 

Дәрілік түрі: үрпіге енгізуге арналған суспензия.

Мультимаст DC препаратының бір шприце-дозаторында әсер етуші заттектер ретінде: прокаин бензилпенициллин 400 мг, пенетамат гидройодиды 100 мг, неомицин сульфаты 100 мг., ал қосымша заттектер ретінде: алюминий стеараты 15.7 мг. сұйық парафин 4,5 г дейін бар.

Сыртқы түрі бойынша Мультимаст DC ақ түстен ашық сары түске дейінгі майлы біртекті суспензиядан тұрады.

 

 

Фармакологиялық қасиеттері

Мультимаст DC үрпіге енгізуге арналған құрамдастырылған антибактериалдық дәрілік препарат болып табыады.

Мультимаст DC құрамына кіретін белсенді заттектер жиынтығы сиырлардың емшек қабынуы кезінде жиібөлінетін микроағзаларға қарсы антибактериалдық әсердің кең спектріне ие болып табылады, оның ішінде: Arcanobacter pyogenes, Corynehactcrium pyogenes, Escherichia coli, Staphylococcus spp, Streptococcus spp.

Пенициллиндердің бактерицидтік әсерінің механизмі цензидаза мен карбокси пептидаза шегіндегі ферменттердің баяулауына негізделген, бұл нентидогликап молекулаларының арасындағы байланыстың бұзылуына және бактериялық клетканың өзгеруіне әкеліп соғады.

Пенетамат гидройодиды бепзилпенициллиппен бірге бірдей әрекет ету механизміне ие бос пенициллиннің шығарылуымен тараталып кететін дәрі (остер бензилпенициллині) болып табылады.

Нрокаип бензилпенициллині негізінен: Arcanobacter pyogenes, Corynebactcriurn pyogenes, Staphylococcus spp., Streptococcus spp. қарсы белсенді болып табылады.

Неомицин сульфатын әсерінің механизмі микробтың жасушаның ақуызының синтезін басуға  (30S рибосомдардың қосалқы бірліктерін байланыстырумен) және РНК синтезін тоқтатуға  негізделген, нәтижесінде бактерицидтік әсер пайда болады. Тасымалдау және матрицалық РНК кешенінің түзілуін бұзады және ақуыздардың синтезін (бактериялық статистикалық әсер) тоқтатады. Мейлінше жоғары шоғырлану кезінде микробтық жасушаның жасушалық қабырғасын зақымдайды (бактерицидті әсер).

Неомицин сульфат негізінен Escherichia coli. белсенді болып табылады

Препараттың белсенді заттектері: прокаин бензилпенициллині, пенетамат трийодиды неомицин желіннің ұлпасына еніп, 4-5 апта бойына штаммдардың сезімталдығына қарсы әсер етеді.

Пpeпapaт ағзадан негізінен сүтпен және зәрмен шығарылады.

Мультимаст DC ағзаға әсер ету дәрежесі бойынша  МЕМСТ 12.1.007 сәйкес қауіптілігі аз заттектерге жатады (қауіптіліктің 4 класы), желіннің ұлпасына жергілікті тітіркендіру әсерін бермейді.

 

 

Қолдану тәртібі

Мультимаст DC суалу кезеңінде сиырлардың желінінің қабынуын емдеу және алдын-алуға арналған.

Дәрілік препаратты қолдануға жануарлардың дербес аса сезімталдығы қарсы көрсетілімдер болып табылады. Мультимаст DC емізу кезінде және төлдегенге дейінгі 50 күн ішінде пайдалануға болмайды.

Дәрілік препарат сау емшекке профилактикалық мақсатта, ал емдік мақсатта жараланған төрт желінге үрпі арқылы бір рет 1 дозалы шприц-дозаторды желіннің төрттен біріне суалту кезеңі басталар алдында соңғы сауылғаннан кейін, бірақ болжалды төлдеуіне дейінгі 50 күннен кешіктірмей енгізіледі.

Дәрілік препаратты қолдара алдында төрт желіннің сүті (секреті) сауылады және кәдеге асырылады, үрпілері залалсыздардырылады, сосын шприц-дозатордың ұштығынан қалпағы алынып, оны үрпіге шприц-дозатордың құрамын жаймен қысу арқылы енгізеді, содан кейін ұштықты алып, үрпінің үстін жайлап 1-2 минут қысады және желіннің астынан үстіне қарай уқалайды. Препарат енгізілгеннен кейін үрпілерін дезинфекциялайды.

Мультимаст DC препаратын шамадан тыс пайдалану белгілері тағайындалмаған.

Дәрілік препаратты алғашқы рет және кейінгі енгізулер кезінде вакцина берілгеннен кейінгі ерекшеліктері байқалмады.

Аллергиялық әсерлер пайда болған кезде Мультимаст DC қолдануды тоқтатады симптоматикалық ем тағайындайды.

Препарат бір рет пайдалануға арналған.

Мультимаст DC препаратын осы нұсқаулыққа сәйкес қолдану кезінде әдетте жағымсыз әсерлер мен асқынулар байқалмады.

Мультимаст DC үрпіге енгізуге арналған басқа препаратпен бірге қолдануға болмайды.

Соңғы қолданудан кейін жануарлардың сүтін 50 күн өткеннен кейін, және төлдегеннен кейінгі 96 сағаттан ерте қолдануға болмайды. Аталған мерзімнен бұрын өңделген төрт емшектен алынған сиыр сүтін бөлек ыдысқа құйып, зарарсыздандырады және кәдеге асырады, сау емшектен алынған сүтті қайнатқаннан кейін жануарлардың жеміне пайдаланады.

Препаратты соңғы қолданудан кейін жануарларды  етке союға 28 күн өткеннен кейін ғана рұқсат беріледі. Аталған мерзім өтпеген уақытта мәжбүрлі түрде сойылған жануарлардың еттерін ет қоректі жануарларды тамақтандыру үшін пайдалануға болады.

 

 

Ұйым-шығарушы: фирма «Bimeda Chemicals Export»/«Баймида Кемикалс Экспорт», Ьрумхилл Роуд Таллапг, Дублин 24, Ирландия

Өнімді іздеу

Сүзгіні болдыртпау