Пенстреп-джект

Қаптама:
100 мл, 250 мл
Фармацевтикалық форма:
Инъекцияға арналған ерітінді
Белсенді зат:
Препараттың 1,0 мл құрамында прокаин-бензилпенициллині 200 000 ME, дигидрострептомицин сульфаты 200 мг және еріткіш 1,0 мл дейін бар
Бөлшектер:
Препарат гомогендік стерильді инъекцияға арналған ақ түсті суспензиядан тұрады
Пайдалануға көрсетілім:
Пенстреп-джект ірі қара малына және шошқаларға колибактериоз, сальмонеллез, анаэробты энтеротоксимия, стрептококкоз, актинобациллярлық плевропневмония және басқа да препаратқа сезімтал препаратпен туындайтын ауруларды емдеу және алдын-алу үшін қолданылады
Санаты:
Ветеринариялық өнімдер
Жануар:
Шошқа, ірі-қара мал

Пенстреп-джект – 

– ірі қара малына және шошқаларға колибактериоз, сальмонеллез, анаэробты энтеротоксимия, стрептококкоз, актинобациллярлық плевропневмония және басқа да препаратқа сезімтал препаратпен туындайтын ауруларды емдеу және алдын-алу үшін қолданылады.

 

 

Препарат гомогендік стерильді инъекцияға арналған ақ түсті суспензиядан тұрады.

Препараттың 1,0 мл құрамында прокаин-бензилпенициллині 200 000 ME, дигидрострептомицин сульфаты 200 мг және еріткіш 1,0 мл дейін бар.

 

 

Фармакологиялық қасиеттері

Препарат құрамына кіретін бензилпенициллин бета-лактамдық антибиотиктер қатарына жатады. Осы антибиотиктер пептидогликан синтезінің соңғы сатысын жүзеге асыруға кедегі келтіре отырып, бактериялардың жасушаларының қабырғаларының синтезін бұзады.

Дигидрострептомицин аминогликозидтар тобының антибиотигі, рибосомалық қызметтің қалыпты циклін бұзу есебінен бактерицидтік әсерін тигізеді, бұл ақуыз синтезінің басталуына кері әсер етеді.

Бензилпенициллин  және дигидрострептомицин жинтығы ос дәрілік құралдарды жекелеп пайдаланғанға қарағанда мейлінше қатты белсенділік көрсетеді.

Препарат негізінен грамоң және грам теріс бактерияларға қатысты белсенділік көрсетеді, оның ішінде Clostridium spp., Corynebacterium spp., Erysipelothrix spp., Listeria spp., Staphylococcus spp., Streptococcus spp., Actinobacillus spp., Escherichia coli, Haemophilus spp., Pasteurella spp., Salmonella spp., Campylobacter spp.

Бұлшықетке берілгеннен кейін пенициллин мен дигидро стрептомицин ағзаның ұлпаларына қан айналымымен бірдей таратылады. Бүйректе, бауырда, бұлшықеттерде және өкпеде көп шоғырлануы байқалады. Пенициллиннің көп бөлігі метаболиттенеді. Пенициллин және дигидрострептомицин негізінен зәрмен шығарылады.

 

 

Қолдану тәртібі

Пенстреп-джект ірі қара малына және шошқаларға колибактериоз, сальмонеллез, анаэробты энтеротоксимия, стрептококкоз, актинобациллярлық плевропневмония және басқа да препаратқа сезімтал препаратпен туындайтын ауруларды емдеу және алдын-алу үшін қолданылады.

Препаратты қолданар алдында жақсылып шайқайды және 10-20 кг дене салмағына 1 мл дозасымен тәулігіне 1 рет 3 күн бұлшықетке беріледі.

Қарсы көрсетілімдер. Пенициллин немесе стрептомицинге аса сезімтал жануарларға қолданылмайды.

Кері әсерлері. Препараттың компоненттеріне сезімталдығы аса жоғары жануарларда аллергиялық әсерлер пайда болуы мүмкін. Қарсы әсерлер болған кезде препаратты қолдануды тоқтатады және гистаминге қарсы препараттар, кальций препараттары тағайындалады.

Препаратты ото-нефроулы әсері бар (неомицин, канамицин, монамицин, гентамицин және т.б.) басқа да антибиотиктермен бірге қолдануға тйым салынады

Келесі антибиотиктер тобымен бірге қолдануға болмайды: макролидтер, тетрациклиндер, полимиксиндер мен линкозамидтер.

Препаратты соңғы қолданудан кейін жануарларды  етке союға 28 күн өткеннен кейін ғана рұқсат беріледі. Азық-түліктік мақсатта сүтті қолдануға препаратты соңғы қолдану күнінен кейінгі 3 күннен кешіктірмей рұқсат етіледі. Аталған мерзім өтпеген уақытта мәжбүрлі түрде сойылған жануарлардың еттерін ет қоректі жануарларды тамақтандыру үшін пайдалануға болады.

 

 

Ұйым-шығарушы: «DopharmaB.V.», Zalmweg 24, 4941 VX Raamsdonksveer, The Netherlands

Өнімді іздеу

Сүзгіні болдыртпау