Пулвак Бурса F

Қаптама:
1000, 2000, 5000 дозалық
Фармацевтикалық форма:
Вакцина
Белсенді зат:
Пулвак Бурса F вацинасының иммуниттендіру бойынша бір дозасында 10й ЭИД50 кем емес жұқпалы бурсалдық ауру вирусы бар (штамм V877)
Бөлшектер:
Сыртқы түрі бойынша вакцина ашық қоңыр түсті біртекті кеуекті қоспадан тұрады. Суда гомогендік жүзінділердің түзілуімен қайта суспензиялануы жақсы
Пайдалануға көрсетілім:
Вакцина құстарды асырайтын әртүрлі бағыттағы құс шаруашылықтарындағы асы ауру түрі бойынша жағымсыз жұқпалы бурсалық аурудың алдын-алуға арналған.
Санаты:
Ветеринариялық өнімдер
Жануар:
Кұс

Пулвак Бурса F – 

– Вакцина құстарды асырайтын әртүрлі бағыттағы құс шаруашылықтарындағы асы ауру түрі бойынша жағымсыз жұқпалы бурсалық аурудың алдын-алуға арналған.

 

 

Дәрілік түрі: суару үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат (тірі вакцина).

Вакцина қант-альбумин-фосфаттық тұрақтандырғышты қосу арқылы инфекциялық бурсалдық аурудың (штамм V877) аттенуацияланған  вирусы жұқтырылған тауықтардың ұшасының гомогенаты, хорионаллантоистік қабықшалары мен СПФ-эмбриондардың экстраэмбрионалды сұйықтықтарынан, сонымен қатар гентамицин сульфатының консерванттары мен нистатин суспензиясынан дайындалған.

Сыртқы түрі бойынша вакцина ашық қоңыр түсті біртекті кеуекті қоспадан тұрады. Суда гомогендік жүзінділердің түзілуімен қайта суспензиялануы жақсы.

 

 

Фармакологиялық қасиеттері

Пулвак Бурса F вакцинасы иммундық биологиялық препараттар тобына жатады.

Вакцина бір рет қолданудан кейінгі 14 тәуліктен кейін жұқпалы бурсалдық ауру вирусына тауықтардың кемінде 3 ай сақталатын иммундық жауабын қалыптастырады.

Пулвак Бурса F вацинасының иммуниттендіру бойынша бір дозасында 10й ЭИД50  кем емес жұқпалы бурсалдық ауру вирусы бар  (штамм V877).

Вакцина зиянсыз, емдік қасиеті жоқ.

 

 

Қолдану тәртібі

Вакцина құстарды асырайтын әртүрлі бағыттағы құс шаруашылықтарындағы асы ауру түрі бойынша жағымсыз жұқпалы бурсалық аурудың алдын-алуға арналған.

Клиникалық ауру және әлсіреген құсты, шығарылғанына 10 күн болмаған бройлер балапандарды, сонымен қатар паразиттік инвазиялы құстардға вакцина жасауға болмайды.

Вакцинация жасауға бройлер балапандар, мекиен тауықтар мен ата-енелік үйіріне жатады. Вакцина ауыз сумен бір рет беріледі.

Бройлер балапандар 10-14 тәулік болған кезде вакцинация жасалады.

Мекиен тауықтар мен ата-енелік үйіріне 14-28 тәуліктік жасқан жеткен кезде шаруашылықтағы вакцина жасау сызбасына сәйкес вакцина жасау  ұсынылады.

Вакцинация ерітіндісін дайындау тәсілдері.

Бір құсқа вакцина беру есебімен шамамен 1 сағат ішінде (есебі кестеде келтірілген) вакцинация жүргізу үшін қажетті хлор мен темір иондарын құрамайтын судың болжалды көлемін анықтау қажет.

Жалпы су берілетін көзді вакцинация жасалғанға дейінгі 1-2 сағат бұрын жауып қою керек.

Суға және суаруға арналған бакты таза сумен, зарарсыздандыру құралдарын пайдаланбастан жуу керек. Су беру жүйесінен суды ағызу керек.

Таза резервуарға судың қажетті көлемін құйып, майсыздандырылған құрғақ сүтті (2-2,5 г/л) қосып, толық ерігенге дейін араластыру керек.

Құтылардың алюминий қалпақтарын шешіп, резеңке тығындарын алып, ½ көлеміне дейін сумен толтыру керек.

Құтыларды резеңке тығындармен жауып, препарат толық ерігенге дейін араластыру керек. Сосын резервуардағы құрамды төгіп тастап, ертіндіні астауға тарата құю керек. Вакциналы ерітіндігі дайындалғаннан кейінгі екі сағат ішінде пайдалану керек.

Иммунитеттеуге қажетті вакцина ерітіндісінің көлемі  құстың жасына байланысты. Кестеде вакцина дайындау үлгілері келтірілген.

 

Жасы1000 доза2000 доза5000 доза
1-4 апта7-Юл14-20 л35-50 л
4-8  апта20 л40 л100 л
8 аптадан көп40 л80 л200 л

 

Вакцинация жүргізу кезінде сабын, беткі белсенді заттектер мен вакцина тиімділігін төмендетуі мүмкін басқа да құралдар қалдығы қалған астауларды пайдалануға және металл астауларды тікелей күн сәулесінің астына қоюға болмайды.

Вакцинаны шамадан тыс көп қолдану кезінде жұқпалы бурсалдық ауру белгілері немесе басқа да патологиялық белгілері анықталмады.

Бір рет иммунитеттеуден кейін вакцинациядан кейінгі әсерлердің ерекшеліктері анықталмады.

Ата-енелік үйірі мен мекиен тауықтарға вакцина қолдануға болады. Вакцинация мен қайта вакцинациялауды жұмыртқа туу кезеңіне дейін жүргізеді (13-тармақты қараңыз).

Вакцина беру сызбасының (мерзімінің) бұзылуына жол бермеу керек, өйткені бұл жұқпалы бурсалдық ауру белгілерінің алдын-алу тиімділігінің төмендеуіне әкеліп соғуы мүмкін. Вакцинаны кезекті енгізуді өткізіп алған жағдайда имуниттендіруді мейлінше жылдамдату қажет.

Вакцинаны осы нұсқаулыққа сәйкес қолдану кезінде әдетте жағымсыз әсерлер мен асқынулар байқалмады.

Вакцинаның басқа да дәрілік препараттармен өзара әрекеті байқалмады.

Вакцинация берілгенге дейінгі 48 сағат бұрын және аяқталғанна кейінгі 24 сағат ішінде кез келген дәрілік препараттар мен дезинфектантарды беруге болмайды.

Вакцинация жасалған құстардың еті вакцинация жасалған күннен кейінгі 21 күн өткен соң рұқсат етіледі. Вакцинация  жасалған құстың жұмыртқасы бойынша шектеулер жоқ.

 

 

Ұйым-шығарушы: «Zoetis Industria de Produtos Veterinarios Ltda.», Rua Fernando Rodriguez, 1701 – Vila Boa Vista – 13064-798, Campinas, Sao Paulo, Brazil

Өнімді іздеу

Сүзгіні болдыртпау