Пулвак IB Праймер

Қаптама:
1000, 2500, 5000, 10 000 дозалық
Фармацевтикалық форма:
Вакцина
Белсенді зат:
Ньюкасл ауруының аттенуацияланған вирусының («Ла-Сота» штамдарының В1 типі) бір дозасында 105*5 ЭЙД5о кем емес вакцинаның иммунитеттендіру дозасы бар
Бөлшектер:
Сыртқы түрі бойынша вакцина суда тез еритін немесе еріткішпен ұлпасыз және шөгіндісіз еритін ашық сары түсті біртекті кеуекті қоспадан тұрады. Еріткіші – көк түсті мөлдір ерітінді
Пайдалануға көрсетілім:
акцина құстарды асырайтын әртүрлі бағыттағы асыл тұқымды және тауарлық құс шаруашылықтарындағы ньюкасл ауруының алдын-алуға арналған
Санаты:
Ветеринариялық өнімдер
Жануар:
Кұс

Пулвак IB Праймер –

– Вакцина құстарды асырайтын әртүрлі бағыттағы асыл тұқымды және тауарлық құс шаруашылықтарындағы ньюкасл ауруының алдын-алуға арналған.

 

 

«Ла-Сота» штамдарының В1 типті тірі лиофилдендірілген еріткішімен ньюкасл ауруы қарсы вакцина.

Халықаралық патенттелмеген атауы: «Ла-Сота» штамдарының  В1 типті тірі лиофилдендірілген еріткішімен ньюкасл ауруы қарсы вакцина.

Вакцинаның дәрілік түрі – танау ішіне (окулярлық), ауыз арқылы немесе ірі тамшы бүрку әдісі (спрей-әдіс) арналған суспензия дайындауға арналған лиофилизат, еріткіштің дәрілік түрі – танау ішіне (окулярлық) арналған суспензия дайындауға арналған лиофилизат ерітуге арналған ерітінді.

Вакцина Н тұрақтандырғыш пен гентамицинді қосу арқылы («Ла-Сота» штамдарының  В1 типі) ньюкасл ауруы (НА) аттенуацияланған   вирусы жұқтырылған тауықтардың СПФ-эмбриондардың экстраэмбрионалды сұйықтықтарынан    дайындалған.

Сыртқы түрі бойынша вакцина суда тез еритін немесе еріткішпен ұлпасыз және шөгіндісіз еритін ашық сары түсті біртекті кеуекті қоспадан тұрады. Еріткіші – көк түсті мөлдір ерітінді.

 

 

Фармакологиялық қасиеттері

Вакцина еріткішімен бірге иммундық биологиялық препараттар тобына жатады.

Вакцина бір рет қолданудан кейінгі 10-14 тәуліктен кейін жұқпалы бурсалдық ауру вирусына балапандардың кемінде 4 апта сақталатын иммундық жауабын қалыптастырады.

Ньюкасл ауруының аттенуацияланған вирусының («Ла-Сота» штамдарының  В1 типі) бір дозасында 105*5 ЭЙД5о кем емес вакцинаның иммунитеттендіру дозасы бар.

Вакцина зиянсыз, емдік қасиеті жоқ.

 

 

Қолдану тәртібі

Вакцина құстарды асырайтын әртүрлі бағыттағы асыл тұқымды және тауарлық құс шаруашылықтарындағы ньюкасл ауруының алдын-алуға арналған.

Клиникалық ауру және/немесе әлсіреген балапандарға қолдануға тыйым салынады.

Вакцинацияны шығарылғанына бір тәулік болған балапандардан бастау жасауға болады.  Балапандарды иммунитеттендіру топтамасын бір мезгілде басқа да құс шаруашылығының жайларындағы құстарға вакциналық вирустың таралуының алдын-алу шараларын сақтай отырып, жүргізу керек.

Вакцинаның танау ішіне (окулярлық), ауыз арқылы (ауыз сумен суару) немесе ірі тамшы бүрку әдісімен  (спрей-әдіс) қолданылады.

 

Танауішілік (окулярлық) әдіс

Осы әдіспен имунитеттендіру үшін қажетті көлемі 1 дозаға 0,03 мл қатынасымен анықталатын тек вакцинаның 1000 дозасын және  «Стерильді еріткіш 28» құрайтын құтылар ғана пайдаланылады.

Асептика және антисептика талаптарын сақтай отырып құтылардың алюминий қақпақтары мен резеңке тығындары алынады.  Құтылардың алюминий қалпақтарын шешіп, резеңке тығындарын алып, ½ көлеміне дейін сумен толтыру керек. Құтыларды резеңке тығындармен жауып, препарат толық ерігенге дейін араластыру керек.

Дозалаушы аппликатор көмегімен 1 тамшыдан (0,03 мл) препаратты әрбір балапанның танауына құяды, мұрынның ішіне препарат терең кіруі үшін екінші танауын саусақпен басып тұрады. Мұрын саңылауы бітелген жағдайда сол көлеммен көздің конъюнктивіне құйылады.

 

Ауыз арқылы әдіс  (ауыз сумен суару)

Екі апталық балапандардан бастап қолданылады.

Бір құсқа вакцина беру есебімен шамамен 1 сағат ішінде (есебі кестеде келтірілген) вакцинация жүргізу үшін қажетті

Вакцина дайындау үшін таза, хлор мен темір иондарын құрамайтын, бөлме температурасына дейін салқындатылған ауыз  суды  пайдалану қажет. Иммунитеттендіру  адында шаруашылықтағы сумен қамтамасыз ету жүйесі зарарсыздандыру құралы пайдаланбастан мұқият жуылуы және кептірілуі тиіс.

Вакцинация басталғанға дейінгі бір тәулік бұрын 1 сағат ішінде бір құстың ішетін су көлемі анықталады және оның көлемін барлық екпе жасалатын құстарға есептейді.

Вакцинаның қолданылатын көлемі таза құрғақ ыдыстарда дайындалады және қажетті көлемнің 2/3 құрайтын сумен толтырылады және келесі есеппен құрғақ сүт қосылады:______________________________________________________________

Вакцина дозасының көлемі

 

 

Құрғақ сүттің көлемі

(г)

Балапандарды вакцинациялауға арналған қажетті су көлемі (л), жастағы

(апта)

2-88 аптадан астам
100028,49,5-1919,0-38
25008924-4848-95
500014248-9595-190
10 00035595-190190-380

 

 

Құрғақ сүт толық ерігенге дейін араластырылады.

Содан кейін құтылардың алюминий қалпақтарын шешіп, резеңке тығындарын алып, ½ көлеміне дейін сумен толтырып, резеңке тығындарын жауып, препарат толық ерігенге дейін араластыру керек. Сосын құтының құрамын су мен сүт құйылған ыдысқа құяды, араластырады да су көлемінің қалған 1/3 көлемін құяды.

Вакцинаның дайындалған ерітіндісін вакцинация жүргізу және астауларға тарата құюға қажетті су көлемінде ыдысқа құяды.

 

Жылдың кез келген уақытында құстарды вакцинациялау алдында ыстық- ауа райынан басқа кезде сусыз 2 сағат ұстайды.

Құстарға 1 басқа 1 доза есебімен екпе жасайды.

Вакцинаға бір мезгілде ең азы 2/3 иммуниттелетін бастардың еркін қолжетімділігін қамтамасыз ету қажет.

Ерітілген вакцина құйылған астауларды тікелей күн сәулесінің түсуінен қорғау керек.

Құсқа жем мен су беруге вакцинация жүргізілгеннен кейінгі 2 сағаттан кейін рұқсат етіледі.

 

Ірі тамшылы бүрку әдісі (спрей-әдіс)

4 апталық жасқа дейінгі балапандарға жүргізу ұсынылады.  Қайтадан вакцинация жасау мерзімін құстардың иммунитеттерінің шиеленісуі нәтижелері бойынша шаруашылықтың ветеринар маманы анықтайды.

Вакцина дайындау үшін көлемі келесі кестемен анықталатын  таза, хлор мен темір иондарын құрамайтын, бөлме температурасына дейін салқындатылған ауыз  суды  пайдалану қажет:

 

Құтыдағы дозалар көлеміСу көлемі (мл)
1000100,0
2500250,0
5000500,0
10 0001000,0

 

Құтылардың алюминий қалпақтарын шешіп, резеңке тығындарын алып, ½ көлеміне дейін сумен толтыру керек. Құтыларды резеңке тығындармен жауып, препарат толық ерігенге дейін араластыру керек.

Вакцинаның дайындалған ерітіндісімен құстардың келесі көлеіне екпе жасауға болады:

Қалпына келтірілгенг вакцина көлемі (мл)Құстар саны
100,01000
250,02500
500,05000
1000,010 000

 

Вакцинация 0,12-0,15 мм диаметрлі монодисперстік бөлшектерге бөлінетін арнайы бүріккіштер көмегімен жүргізіледі. Бүріккіштер таттануға тұрақты, дезинфектанттар қалдығысыз және тек вакцинация үшін ғана пайдаланылуы тиіс.

Құстардың қорасында желдеткішті сөндіріп, жарықты анықтығын төмендетенді, сол арқылы құстар тынышталады және өзара топтала бастайды. Вакцинаны бір мезгілде балапандардың үстінен 30-40 см. ара қашықтыққа бүркеді. Иммуниттендірудің жұмыс жүргізілу көрсеткіші құстардың қауырсындарының біркелкі ылғалдануы болып табылады.

Желдету жүйесін қосып, жарық беру деңгейін вакцинация аяқталғанан кейінгі 20 минуттан кейін қалпына келтіреді.

Вакцинаны шамадан тыс көп қолдану кезінде ньюкасл ауруының белгілері немесе басқа да патологиялық белгілері анықталмады.

Бір рет иммунитеттеуден кейін вакцинациядан кейінгі әсерлердің ерекшеліктері анықталмады

Вакцинация жұмыртқа туу кезеңінде бустерлік иммунитеттендіру ретінде ғана қайта вакцинациялау үшін пайдаланылуы мүмкін.

Вакцина беру сызбасының (мерзімінің) бұзылуына жол бермеу керек, өйткені бұл ньюкаслдық ауру белгілерінің алдын-алу тиімділігінің төмендеуіне әкеліп соғуы мүмкін. Вакцинаны кезекті енгізуді өткізіп алған жағдайда имуниттендіруді мейлінше жылдамдату қажет.

Вакцинаны осы нұсқаулыққа сәйкес қолдану кезінде әдетте жағымсыз әсерлер мен асқынулар байқалмады.

Вакцинаның басқа да дәрілік препараттармен өзара әрекеті байқалмады.

Вакцинация берілгенге дейінгі 24 сағат бұрын және аяқталғанна кейінгі 24 сағат ішінде кез келген дәрілік препараттар мен дезинфектантарды беруге болмайды.

Вакцинация жасалған құстардың еті вакцинация жасалған күннен кейінгі 21 күн өткен соң рұқсат етіледі. Вакцинация  жасалған құстың жұмыртқасы бойынша шектеулер жоқ.

 

 

Ұйым-шығарушы: «Zoetis Industria de Produtos Veterinarios Ltda.», Rua Fernando Rodriguez, 1701 – Vila Boa Vista – 13064-798, Campinas, Sao Paulo, Brazil

Өнімді іздеу

Сүзгіні болдыртпау