Синулокс LC

Қаптама:
12, 24, 60 және 300 дана
Фармацевтикалық форма:
Интрацистернальды енгізуге арналған суспензия
Белсенді зат:
Синулокс LC қолданыстағы заттар ретінде бір шприцте құрамында: амоксициллин (тригидрат амоксициллині нысанындағы) - 200 мг, клавулан қышқылы (клавуланат калийі) - 50 мг, преднизолон - 10 мг, қосымша заттар ретінде: кальций және натрий алюминосиликаты, эмульгацияланған балауыз, ақ парафин, сұйық парафин
Бөлшектер:
Синулокс LC сыртқы түрі бойынша ақ түстен ақшыл сары түске дейін жақпа май тәрізді консистенция суспензиясы қамтиды
Пайдалануға көрсетілім:
Синулокс LC емізу кезінде сиырдың бактериалды этиологиясы маститін емдеу үшін қолданылады
Санаты:
Ветеринариялық өнімдер
Жануар:
ірі-қара мал

Синулокс LC – 

– интрацистернальды енгізуге арналған антибактериальды бірлескен препарат.

 

 

Дәрілік нысаны: интрацистернальды енгізуге арналған суспензия.

Синулокс LC қолданыстағы заттар ретінде бір шприцте құрамында: амоксициллин (тригидрат амоксициллині нысанындағы) – 200 мг, клавулан қышқылы (клавуланат калийі) – 50 мг, преднизолон – 10 мг, қосымша заттар ретінде: кальций және натрий алюминосиликаты, эмульгацияланған балауыз, ақ парафин, сұйық парафин.

Синулокс LC сыртқы түрі бойынша ақ түстен ақшыл сары түске дейін жақпа май тәрізді консистенция суспензиясы қамтиды.

 

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакотерапевтік топ: интрацистернальды енгізуге арналған антибактериальды бірлескен препарат.

Дәрілік препарат құрамына кіретін амоксициллин – пенициллин тобының полусинтетикалық антибиотигі.

Дәрілік препараттар құрамына кіретін – топтар. Желіннің қабынуы (мастит) кезінде желіннен бөлінетін граммоң және грамм теріс бактериялардың көбісі бактерицидтік белсенді кең спекторын қамтиды, оның ішінде Staphylococcus spp., Streptococcus agalactiae, Streptococcus uberis, Streptococcus dysgalactiae, Corinebacterium pyogenes, Escherichia coli, Bacillus cereus, Bacteroides spp., Campylobacter spp., Klebsiella spp. и Pasteurella spp.

Антибиотиктің антибактериальды әсері ету механизмі пептидогликан – микроағазалар жасушалық қабырғасында негізгі компонентті байланыстыруға қатысатын транспептидаз бактериалды ферменттерінің жұмыс істеу белсенділігін басады, бактерияның жойылуына әкеледі.

Препаратты  интрацистернальды енгізгеннен кейін жануар желінінің тіндерінде амоксициллин концентрациясының бактерицидті әрекетіне бактерияның сезімталдығы қалыптасады, сөйтіп клавулан қышқылы   пенициллинрезистентті микроағзаларға пенициллазды инактивациялайды.

Преднизолон қабынуға қарсы әрекет етіп, ісіну және қабынуды азайтады.

Синулокс LC желін тіндерінде антибиотиктің жоғары деңгейін туғызады және тітіркендірмейді. Антибиотиктің  терапиялық концентрациясы сүт безінде 12 сағат ішінде сақталады. Препарат қан дәрежесі болмашы сіңеді.

Синулокс LC ағзаға әсер ету дәрежесі орташа қауіпті заттарға жатады (4 қауіптілік класы бойынша МемСТ 12.1.007).

 

 

Қолдану тәртібі

Синулокс LC емізу кезінде сиырдың бактериалды этиологиясы маститін емдеу үшін қолданылады.

Препаратты қолдануға қарсы көрсетілім пенициллин антибиотиктер тобына жануардың жеке жоғары сезімталдығы болып табылады.

Препаратпен жұмыс істеу кезінде жеке гигиенаның жалпы ережелерін және дәрілік препараттармен жұмыс істеу кезінде қарастырылған қауіпсіздік техникасын сақтауы тиіс. Препаратпен жұмыс істеу кезінде ішуге, темекі шегуге, тамақ ішуге болмайды. Жұмыстар аяқталған соң қолды сабынмен мұқият жуу керек. Аллергиялық реакция болған жағдайда немесе адам ағзасына препарат тиген жағдайда тез арада медициналық мекемеге баруы қажет (өзімен бірге препаратты немесе затбелгіні қолдану жөніндегі нұсқаулық болуы тиіс).

Дәрілік препараттан босап қалған қаптаманы тұрмыстық мақсаттар үшін қолдануға тыйым салынады, ол тұрмыстық қалдықтармен бірге кәдеге жаратуға жатады.

Препарат буаз және емізетін сиырларға қолдануға болады.

Синулокса LC енгізер алдында төрт желіндегі сүтті сауып алып кәдеге жаратылады. Үрпісін препаратпен бірге берілетін 70% спирт ерітіндісімен немесе антисептикалық салфеткамен сүртеді. Сонан соң шприц канюлясын үрпі тесігіне енгізеді, поршеньге байқап басып, ішіндегі барлығын желіннің зақымданған бөлігіне қысып жібереді.

Синулокс LC 12 сағат аралықпен үш дүркін ірі қара малға енгізеді.

Дәрілік препаратты қолдану кезінде жағымсыз құбылыстар мен асқынулар кезінде осы нұсқаулыққа сәйкес анықталған жоқ.

Сиырларда шамадан тыс доза беру белгілері анықталған жоқ.

Басқа дәрілік препараттармен өзара сәйкессіздігі туралы ақпарат жоқ. Препаратты интрацистернальды енгізу үшін басқа препараттармен үшін бірге қолдануға болмайды.

Бастапқы енгізу кезінде әрекеттің ерекшеліктері және препараттың күшін жою анықталған жоқ. Аллергиялық реакциялар пайда болған жағдайда, препаратты қолдануды тоқтатады және антигистаминді дәрілер тағайындайды және симптоматикалық емдейді.

Препараттың кезекті дозасын енгізгенде жіберіп алудан сақтану қажет, өйткені терапевттік тиімділігін азайтуға әкелуі мүмкін. Бір дозаны жіберіп алған жағдайда оны тезірек енгізу қажет, одан әрі препаратты енгізу аралықтары өзгермейді.

Синулокс LC соңғы енгізгеннен кейін 60 сағаттан кейін тамаққа қолдану мақсатында препаратпен өңделген сауынды сиырлардан шыққан сүтті пайдалануға болады. Ауыратын төрт желіннен сауылған сүт немесе сау төрт желіннен белігіленген мерзімінен бұрын алынған сүтті залалсыздандырады және кәдеге жаратады.

Синулокс LC енгізгеннен кейін 7 тәуліктен кейін ғана жануарды етке союға рұқсат етіледі. Көрсетілген мерзімі өткеннен кейін  союға мәжбүр болған мал етін терісі бағалы аңдарды азықтандыру үшін пайдаланылады.

 

 

Ұйым-шығарушы: «Haupt Pharma Latina S.r.l.», S.S. 156 km 47,600 – Borgo San Michele – 04100 (Latina) Italy

Дәрілік препаратты ұстаушы немесе тіркеу куәлігінің иесі өкілеттілігі берілген ұйымның атауы, мекен-жайы: «Зоэтис» ЖШҚ, РФ, 123112, Мәскеу, Пресненская набережная көшесі, 10-үй

Өнімді іздеу

Сүзгіні болдыртпау