Скоугард 4КС

Қаптама:
10, 50 дозалық
Фармацевтикалық форма:
Вакцина
Белсенді зат:
Вакцина инактивацияланған коронадан жасалған - (Hansen isolate) және ірі қара малдың (G6 және G10 серотиптері) ротовирустары, инактивацияланған бактериялар Е. coli энтеротоксигенді штамма NL-1005, адгезивті факторы бар К99, бега-токсоид Clostridium perfringens С типті, консерванттар қосу арқылы - гентамицин (кемінде 30 мкг/мл), мертиолят (кемінде 0,01 %) және адъювант - Quil А.
Бөлшектер:
Вакцина сыртқы түрі бойынша ақ немесе бозғылт сарғыш түсті суспензияны құрайды. Вакцинаны сақтау кезінде борпылдақ шөгінді пайда болуы мүмкін, шайқаған кезде гомогенді жүзінді оңай сынады.
Пайдалануға көрсетілім:
Ірі қара малдың коронавируспен және ротавируспен, (G6 және G10 серотиптер), энтеротоксигенді штаммалармен Е. coli адгезия факторымен К99 және Clostridium perfringens (С типті) туындайтын неонатальды диареяға қарсы жаңа туылған бұзаулардың колостральды иммунитетін көтеру мақсатында вакцинаны сау құнажындар мен буаз сиырларды иммундауға арналған.
Санаты:
Ветеринариялық өнімдер
Жануар:
ірі-қара мал

Скоугард 4КС –

– Бұзауларды колибактериоз және клостридиозді, короновирустық және ротавирустық инфекцияның алдын алуға арналған вакцина.

 

 

Инъекцияға арналған суспензия.

Вакцина инактивацияланған коронадан жасалған – (Hansen isolate) және ірі қара малдың (G6 және G10 серотиптері) ротовирустары, инактивацияланған  бактериялар Е. coli энтеротоксигенді штамма NL-1005, адгезивті факторы бар К99, бега-токсоид Clostridium perfringens С типті, консерванттар қосу арқылы – гентамицин (кемінде 30 мкг/мл), мертиолят (кемінде 0,01 %) және адъювант – Quil А.

Вакцина сыртқы түрі бойынша ақ немесе бозғылт сарғыш түсті суспензияны құрайды. Вакцинаны сақтау кезінде борпылдақ шөгінді пайда болуы мүмкін, шайқаған кезде гомогенді жүзінді оңай сынады.

 

 

Фармакологиялық қасиеттері

Вакцина жаңа туылған бұзауларда колостральды иммунитеттің қалыптасуын (вакцина жасалған сиырлардан уызды ішкізгеннен кейін) неонатальды диареяға қарсы корона- және ротавируспен (G6 және G10 серотиптер), энтеротоксигенді штаммалармен Е. coli адгезия факторымен К99 және Clostridium perfringens (С типті) қамтамасыз етеді.

Бұзауларды қорғау деңгейі  уыз сапасы мен мөлшеріне қарай емізу уақытына байланысты, сондықтан вакцина жасалған сиырлардан жеткілікті уыз мөлшерімен бұзауды қамтамасыз етуге аса назар аудару қажет.

Вакцина зиянсыз, емдік қасиеті жоқ.

 

 

Қолдану тәртібі

Ірі қара малдың коронавируспен және ротавируспен, (G6 және G10 серотиптер), энтеротоксигенді штаммалармен Е. coli адгезия факторымен К99 және Clostridium perfringens (С типті) туындайтын неонатальды диареяға қарсы жаңа туылған бұзаулардың колостральды иммунитетін көтеру мақсатында вакцинаны сау құнажындар мен буаз сиырларды иммундауға арналған.

Клиникалық ауру және/немесе әлсіз жануарларға вакцина егуге тыйым салынған.

Құнажындар мен буаз сиырларға вакцинация жасайды.

Вакцинаны көлемі 2 см3 (1 доза) мойын бұлшық етіне енгізеді.

Бірінші сау буаз малға 3-4 апта аралығымен екі дүркін вакцинация жасайды. Вакцинаның екінші дозасын төлдеуден 3-6 апта бұрын кешіктірмей жасайды.

Әрбір төлдеуден бұрын 3-6 апта бұрын кешіктірмей бір рет малды қарсы вакцинациялайды.

Вакцинаны қолданар алдында құты ішіндегіні гомогенді жүзінді пайда болмас бұрын шайқап алады.

Вакцинациялау үшін шприцтер мен инелерді 15-20 минут ішінде ыстық сумен залалсыздандыру арқылы әр малға бөлек стерильді инені қолданады. Бір реттік шприцтерді  қолдануға болады. Инъекциялау орнын 70° спиртпен немесе басқа да дезинфекциялық ерітіндімен өңдейді.

Вакцинаны шамадан тыс пайдаланғанда колибактериоз және клостридиозді, короновирустық және ротавирустық инфекция және басқа да патологиялық белгілер анықталған жоқ.

Вакцинациядан кейінгі реакцияның ерекшеліктері бастапқы және кейінгі енгізу кезінде анықталған жоқ.

Вакцинаны енгізу сызбасы (мерзімі) бұзудан сақтану қажет, өйткені колибактериоз және клостридиозді, короновирустық және ротавирустық инфекция иммундық алдын алу тиімділігін азайтуға әкеледі. Кезекті вакцинаны өткізіп алған жағдайда тезірек иммундау жүргізу қажет.

Вакцинаны қолдану кезінде жағымсыз құбылыстар мен асқынулар анықталған жоқ. Вакцина жеке малдарда инъекция орнына анафилаксия немесе болмашы ісік, дененің қысқа уақыттық температурасы көтерілуін тудыруы мүмкін. Анафилакция туындаған кезде малға адреналин немесе антигистаминді препараттар ұсынылған дозада енгізіледі. Ісігі бірнеше күннен соң кетіп жазылады.

Вакцинаны басқа да иммундық биологиялық препараттармен бірге қолдануға, сондай-ақ вакцинациядан кейін немесе 1 ай ішінде иммунді депрессанттармен немесе гиперуммунды сарысу енгізуге болмайды.

Вакцинациядан кейін 21 күн өткесін малды етке союға рұқсат етіледі, сүтін шексіз қолдануға болады.

 

 

 

Ұйым-шығарушы: Zoetis LLC, 601 W. Comhusker Highway, Lincoln, NE 68521, USA.

Өнімді іздеу

Сүзгіні болдыртпау