Тетра-Дельта

Қаптама:
Препарат 10 мл бойынша пластик шприц-дозаторлармен картон қораптарға 12, 24 және 200 данадан салынған
Фармацевтикалық форма:
Интрацистерналық енгізуге арналған суспензия
Белсенді зат:
Тетра-Дельта 10 мл бір шприц-дозаторда әрекет етуші заттектер ретінде 100 мг натрий новобиоцині, 105 мг неомицин сульфаты, 100 мг прокаин пенициллині, 100 мг дигидрострептомицин сульфаты және 10 мг преднизолон, ар қосымша заттектер ретінде алюминий моностеараты мен и арахис майы бар
Бөлшектер:
Сыртқы түрі бойынша препарат ақ түсті біртекті кеуекті суспензиядан тұрады
Пайдалануға көрсетілім:
Тетра-Дельтаны Staphylococcus aureus, Streptococcus agalactiae, Streptococcus dysagalactiae, Streptococcus uberis и Escherichia coli құрамындағы грамоң және грамтеріс микроағзалармен туындаған сауын сиырлардың емшектерінің қабынуының барлық түріне қолданылады (ірің-шіріктен басқа) Дәрілік препарат препараттың компоненттеріне сезімталдығы жоғары жануарларға қолдануға тыйым салынады
Санаты:
Ветеринариялық өнімдер
Жануар:
ірі-қара мал

Тетра-Дельта – 

– Тетра-Дельтаны Staphylococcus aureus, Streptococcus agalactiae, Streptococcus dysagalactiae, Streptococcus uberis и Escherichia coli құрамындағы грамоң және грамтеріс микроағзалармен туындаған сауын сиырлардың емшектерінің қабынуының барлық түріне қолданылады  (ірің-шіріктен басқа) Дәрілік препарат препараттың компоненттеріне сезімталдығы жоғары жануарларға қолдануға тыйым салынады.

 

 

Дәрілік түрі: интрацистерналық енгізуге арналған суспензия.

Тетра-Дельта 10 мл бір шприц-дозаторда әрекет етуші заттектер ретінде 100 мг натрий новобиоцині, 105 мг неомицин сульфаты, 100 мг прокаин пенициллині, 100 мг дигидрострептомицин  сульфаты және 10 мг преднизолон, ар қосымша заттектер ретінде  алюминий моностеараты мен  и арахис  майы бар.

Сыртқы түрі бойынша препарат ақ түсті біртекті кеуекті суспензиядан тұрады.

 

 

Фармакологиялық қасиеттері

Дәрі-дәрмектермен емдеу тобы: аминогликозидтер жиынтығы.

Тетра-Дельта содержит антибактериальные вещества пенициллин прокаині G, новобиоцин, дигидрострептомицин, неомицин және қабынуға қарсы қыртысты стероидты преднизолон антибактериялық заттектерді құрайды .

Дигидрострептомицин ретінде әсер беретін пенициллин  дәрілік препараттың Streptococcus spp қарсы белсенділігін қамтамасыз етеді. Новобиоцин бета-лактамазаны өндіретін Staphylococcus aureus штамдарына қарсы белсенділік көрсетеді, сонымен қатар L-түрлі бактериялар пенициллин-резистенттікке қарсы дәрілік препараттың белсенділігін қамтамасыз етеді. Дигидрострептомицин стрептокок микрофлорасына пенициллиннің әрекетін таратады. Неомицин грамоң және грамтеріс микроағзаларға қатысты әрекеттің кең спектрін қамтиды. Преднизолон ісік пен ауырсынуды баса отырып қабынуға қарсы әсер береді. Тетра-Дельта желін ұлпаларын тітіркендірмейді.

Сүттегі антибиотиктердің деңгейі емдеу кезеңінде және дәрілік препарат енгізілгеннен кейінгі кемінде 12 сағат ішінде  емшектің қабынуының негізгі қоздырғыштарына арналған ең аз шоғырландырылуынан асады.

Препарат ағзаға әсер ету дәрежесі бойынша қауіптілігі орташа қосылыстарға жатады (МЕМСТ 12.1.007 бойынша 3 қауіптілік класы).

 

 

Қолдану тәртібі

Тетра-Дельтаны Staphylococcus aureus, Streptococcus agalactiae, Streptococcus dysagalactiae, Streptococcus uberis и Escherichia coli құрамындағы грамоң және грамтеріс микроағзалармен туындаған сауын сиырлардың емшектерінің қабынуының барлық түріне қолданылады (ірің-шіріктен басқа) Дәрілік препарат препараттың компоненттеріне сезімталдығы жоғары жануарларға қолдануға тыйым салынады.

Тетра-Дельтамен препаратымен жұмыс жасау кезінде дәрілік препаратпен жұмыс жасау үшін қарастырылған жалпы жеке басының гигиенасы және қауіпсіздік техникасының жалпы ережелерін сақтаулары тиіс.  Жұмыс аяқталғаннан кейін қолды мұқият жылы сабынды сумен жуу керек.

Дәрілік препарат байқаусызда теріге немесе шырышты қабыққа тиген кезде оны ағынды сумен ұзақ жуу қажет; көзге тиген кезде – жедел сумен жуу керек, қажет болса дәрігерге көріну қажет. Препарат компоненттеріне сезімталдығы өте жоғары адамдар Тетра-Дельтамен тікелей жанасудан сақтанулары керек. Аллергиялық әсерлер немесе дәрілік препарат байқаусызда адам ағзасына тиіп кеткен жағдайда шұғыл медициналық мекемеге көріну қажет (өзіңізбен бірге препаратты қолдану бойынша нұсқаулық  немесе затбелгі қағазы болуы тиіс).

Дәрілік препараттың бос құтыларын тұрмыстық мақсатта қолдануға болмайды, олар тұрмыстық қалдықтармен бірге кәделенуі тиіс.

Препаратты сиырлардың буаз және емізулі кезінде қолдануға болады. Тетра-Дельтаның енгізер алдында төрт емшектің сүті сауылып алынып, кәдеге асырылады. Үрпілері сыртынан 70% спирт ерітіндісімен өңделеді. Сонан соң шприц канюлясын үрпі тесігіне енгізеді, поршеньге байқап басып, ішіндегі барлығын желіннің зақымданған бөлігіне қысып жібереді.

Препарат бір рет қолданылады, бірақ емшектің қабынуының асқынған кезінде 24 немесе 48 сағат аралықпен енгізіледі.

Дәрілік препаратты қолдану кезінде жағымсыз құбылыстар мен асқынулар кезінде осы нұсқаулыққа сәйкес анықталған жоқ. Аллергиялық реакциялар пайда болған жағдайда, препаратты қолдануды тоқтатады және антигистаминді дәрілер тағайындайды және симптоматикалық емдейді.

Шамадан тыс доза беру белгілері анықталған жоқ.

Басқа дәрілік препараттармен өзара сәйкессіздігі туралы ақпарат жоқ. Препаратты интрацистернальды енгізу үшін басқа препараттармен үшін бірге қолдануға болмайды.

Тетра-Дельтаны бірінші рет қодану және тоқтату кезіндегі ерекшеліктері анықталмады.

Препарат бір рет пайдалануға арналған.

Тетра-Дельтаны соңғы енгізгеннен кейінгі 72 сағаттан кейін тамаққа қолдану мақсатында препаратпен өңделген сауынды сиырлардан шыққан сүтті пайдалануға болады. Ауыратын төрт желіннен сауылған сүт немесе сау төрт желіннен белігіленген мерзімінен бұрын алынған сүтті залалсыздандырады және кәдеге жаратылады.

Дәрілк препарат енгізгеннен кейін 72 сағаттан кейін ғана жануарды етке союға рұқсат етіледі. Көрсетілген мерзімі өткеннен кейін  союға мәжбүр болған мал етін терісі бағалы аңдарды азықтандыру үшін пайдаланылады.

 

 

Ұйым-шығарушы: Norbrook Laboratories Limited», Station Works, Camlough Road Newry Co. Down BT35 6JP, UK

Дәрілік препаратты ұстаушы немесе тіркеу куәлігінің иесі өкілеттілігі берілген ұйымның атауы, мекен-жайы: «Зоэтис» ЖШҚ, РФ, 123112, Мәскеу, Пресненская набережная көшесі, 10-үй

Өнімді іздеу

Сүзгіні болдыртпау