АМИКС™ вет А 500 мг/г ВРП

Қаптама:
1 кг
Фармацевтикалық форма:
Суда еритін ұнтақ
Белсенді зат:
1 г құрамында әрекет ететін заттектер ретінде: амоксициллин - 500 мг (амоксициллин тригидраты ретінде), қосалқы заттектер ретінде: 1г. дейінгі сусыз лимон қышқылы
Бөлшектер:
Препарат құрамына кіретін амоксициллин тригидраты Actynomyces spp., Bacillus antracis, Clostridium spp., Corynebacterium spp., Erysipelothrix rhusiopathiae, Listeria monocytogenes, Staphylococcus spp., Streptococcus spp., Aclinobacillus spp., E.coli, Salmonella spp., Fusobacterium spp., Elaemophilus spp., Moraxella spp., Pasteurella spp., Proteus mirabilis, Leptospira spp қоса грамоң және грамтеріс микроағзаларға қатысты бактерицидтік әрекеттің кең спектрін құрайды
Пайдалануға көрсетілім:
8. АМИКС™ вет А 500 мг/г ВРП колибактериоз және сальмонеллез, сонымен қатар амоксициллинге сезімтал қоздырғыштармен келтірілген асқазан ішек және тыныс алу жолдарының басқа да бактериялық инфекциялары кезінде емдеу және емдеу-профилактикалық мақсатта бұзауларға, шошқаларға және ауылшаруашылық құстарға қолданылады.
Санаты:
Ветеринариялық өнімдер
Жануар:
Шошқа, Кұс

АМИКС™ вет А 500 мг/г ВРП (AMIX™ vet А 500 mg/g WSP)

 

Дәрілік түрі: ауыз арқылы қолдануға арналған ұнтақ.

АМИКС™ вет А 500 мг/г ВРП 1 г құрамында әрекет ететін заттектер ретінде: амоксициллин – 500 мг (амоксициллин тригидраты ретінде), қосалқы заттектер ретінде: 1г. дейінгі сусыз лимон қышқылы.

Сыртқы түрі бойынша  АМИКС™ вет А 500 мг/г ВРП ақ түсті ұнтақтан тұрады.

 

Фармакологиялық қасиеттері

АМИКС™ вет А 500 мг/г ВРП – жартылай синтетикалық пенициллиндер тобының әркеті ұзартылған антибактериалды дәрілік препарат.

Препарат құрамына кіретін амоксициллин тригидраты Actynomyces spp., Bacillus antracis, Clostridium spp., Corynebacterium spp., Erysipelothrix rhusiopathiae, Listeria monocytogenes, Staphylococcus spp., Streptococcus spp., Aclinobacillus spp., E.coli, Salmonella spp., Fusobacterium spp., Elaemophilus spp., Moraxella spp., Pasteurella spp., Proteus mirabilis, Leptospira spp қоса грамоң және грамтеріс микроағзаларға қатысты бактерицидтік әрекеттің кең спектрін құрайды.

Амоксициллин әрекетінің механизмі микроағза жасушаларының қабырғаларындағы қалыптасулардың бұзылуынан олардың өлуіне әкеліп соғатынын көрсетеді.

Дәрілік препаратты ауыз арқылы қолдану кезінде  амоксициллин қанға қаралсу арқылы асқазан-ішек жолында жақсы әрі тез сіңеді, ағзаның барлық органдары мен тіндеріне өтеді. Препараттың био қолжетімділігі 80 % құрайды. Қанның сарысуында максималды шоғырлануы енгізілгеннен кейінгі 2 сағаттан кейін болады және бір тәулік бойына терапериялық деңгейде тұрады.  Ағзадан негізінен зәрмен және көп жағдайда өтпен негізінен өзгермеген күйде шығарылады.

АМИКС™ вет А 500 мг/г ВРП ағзаға әсер ету дәрежесі бойынша қауіптілігі орташа заттектерге жатады (МЕМСТ 12.1.007-76 бойынша 3 қауіптілік класы).

 

Қолдану тәртібі

АМИКС™ вет А 500 мг/г ВРП колибактериоз және сальмонеллез, сонымен қатар амоксициллинге сезімтал қоздырғыштармен келтірілген асқазан ішек және тыныс алу жолдарының басқа да бактериялық инфекциялары кезінде емдеу және емдеу-профилактикалық мақсатта бұзауларға, шошқаларға және ауылшаруашылық құстарға қолданылады.

Дәрілік препаратты қолдануға қарсы көрсетілімдер жануардың (3-лактамдық антибиотиктерге дербес аса сезімталдығы болып табылады. АМИКС™ вет А 500 мг/г ВРП пенициллиназа түзейтін ағзалармен келтірілген инфекциялар кезінде қолданылмайды.

Амоксициллиннің жұмыртқаға бөлінуі себебінен препаратты мекиен тауықтарға қолдануға тыйым салынады. Сүтін адамдар сауып ішетін сиырларға да қолданылмайды.

АМИКС™ вет А 500 мг/г ВРП бұзаулар мен шошқаларға ауыз арқылы сумен, сүттң алмастырғышпен немесе жеммен, ал құсқа ауыз арқылы сумен беріледі.

Ұсынылатын тәуліктік мөлшер күн сайын дене салмағының кг 20 мг амоксициллинді құрайды.

Бұзаулар мен шошқаларға жеммен бірге мөлшермен беру:

Мөлшерлер  АМИКС™ вет А 500 мг/г ВРП/кг тәулігіне 40 мг құрайды. Күн сайын жейтін жемінің көлемі мен денесінің салмағын ескере отырып, өнімді дайын жем қоспасының 1 тоннасына 800 г препаратты салып, жақсылап араластырады.   Үздіксіз немесе екі рет қабылдау арқылы берілді.

Жемнің кг бойынша мөлшерінің есебі:

Жемнің кг бойынша препарат көлемі (г) = қажетті доза (мг/кг)*2*дене салмағы  (кг)/жемді күн сайын тұтыну (кг).

Бұзаулар мен шошқаларды суару кезіндегі мөлшерленуі:

40 г АМИКС™ вет А 500 мг/г ВРП 100 л сумен араластырып,  12 сағаттық интервалмен 2 еселеп суарады.

Дозасы жануарлық суды ішуі мен салмағы бойынша есептелуі тиіс.

Бұзаулар мен шошқаларды суару кезіндегі бір күндік дозасының есебі:

АМИКС™ вет А 500 мг/г ВРП бір күнде (г) = жануарлар саны*бір жануардың орташа салмағы /50 (20 мг/кг) немесе 100 (10 мг/кг).

Құстарды суару кезіндегі мөлшерленуі:

Препараттың 1 л суға қажетті көлемі келесі фомуламен есептеледі:

m = (0,04*Мқұс)/V су, мұнда

0,04 – дозасы АМИКС ™ вет А 500 мг/г ВРП (г/кг),

m – саны АМИКС™ вет А 500 мг/г ВРП (г/л),

М – өңделетін құстар санының жалпы тірі салмағы (кг),

V – саны бойынша жалпы тәуліктік су тұтынуы (л).

Ерітіндіні мүмкіндігінше қолдануға дейінгі 2 сағат бұрын дайындау қажет.

Препарат 3-5 күн ішінде дайындалады.

Артық мөлшерлену симптомдары анықталмады.

Дәрілік препараттар әрекет етуінің ерекшеліктері оны бірінші рет пайдалану кезінде байқалмады. Дәрілік препаратты бірінші рет пайдаланудан кейінгі клиникалық жағдайының жақсаруы байқалмады. Дәрілік препаратты бірінші рет пайдаланудан кейінгі клиникалық жағдайының 3-5 күн ішінде жақсармауы жағдайында ауру жануарлар немесе құстардың микроағзаларынан белгіленген сезімталдылығы Келесі бактерияға қарсы дәрілік препаратқа (3 – лактамдық антибиотиктерге сезімталдығын қайтадан тексеріледі немесе  АМИКС™ вет А 500 мг/г ВРП басқа бактерияға қарсы дәрілік препаратпен ауыстырылады.

Дәрілік препараттың кезекті дозасын өткізіп алуды болдырмау қажет, өйткені бұл терапеялық әсерін төмендетуі мүмкін. Бір дозасын өткізіп алған жағдайда препаратты қолдануды сол дозамен және сол сызбаға сәйкес қайта бастайды.

Дәрілік препаратты осы нұсқаулыққа сәйкес қолдану кезінде жағымсыз әсерлері мен асқынулар байқалмады.

Жануарларды емдеу кезінде АМИКС™ вет А 500 мг/г ВРП тиамфеникол, хлорамфеникол, пенициллин тобының антибиотиктерімен, цефалоспориндермен және фторхинолондармен, сонымен қатар карбоксиметил целлюлозаны құрайтын препараттармен бірге қолдануға тыйым салынады.

АМИКС™ вет А 500 мг/г ВРП соңғы қолданудан кейін бұзауларды етке союға 15 тәулік өткеннен кейін ғана, ал шошқаларды союға 7 тәуліктен кейін, құстарды 3 тәулік өткеннен кейін ғана рұқсат беріледі. Аталған мерзім өтпеген уақытта мәжбүрлі түрде сойылған жануарлардың еттерін терісі бағалы аңдарды тамақтандыру үшін пайдалануға болады.

 

Жеке профилактикасы шаралары

 

АМИКС™ вет А 500 мг/г ВРП дәрілік препаратын пайдалану арқылы емдеу-профилактикалық шараларын жүргізу кезінде дәрілік препаратпен жұмыс жасау кезінде қарастырылған жеке басының және қауіпсіздік техникасының жалпы ережелерін сақтаулары тиіс. Жұмыс аяқталғаннан кейін қолды мұқият жылы сабынды сумен жуу керек.

АМИКС™ вет А 500 мг/г ВРП жасалатын барлық жұмыстарды жеке қорғаныс құралдарын (халат, бас киім, резеңке қолғаптар, қорғаныс көзілдірігі, респиратор немесе қорғаныс бетпердесі) пайдалану арқылы жүргізу ұсынылады. Препаратпен жұмыс жасау кезінде су ішуге, шылым шегуге және тамақ ішуге тыйым салынады. Жұмыс аяқталғаннан кейін қолды мұқият жылы сабынды сумен жуып, ауызды сумен шаю керек.

Дәрілік препарат байқаусызда теріге немесе шырышты қабыққа тиген кезде оны ағынды сумен ұзақ жуу қажет; көзге тиген кезде – жедел сумен жуу керек, қажет болса дәрігерге көріну қажет.

 

Ұйым-шығарушы: «Cymedica spol., s.r.o.», Чех Республикасы.

Шығарылатын жері: «Cymedica spol., s.r.o.», Nadrazim Pod 853, CZ – 268 01 Horovic, Чех Республикасы.

 

Өнімді іздеу

Сүзгіні болдыртпау